Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

16.03.2017, 11:45 Баспасөз орталығы / Жаңалықтар
Астана қаласының туристік символының үздік нобай-жобасына Республикалық байқаудың екінші кезеңі басталды

15 наурыздан 5 сәуірге дейін Астанада елорданың туристік символының үздік нобай-жобасына Республикалық байқаудың екінші кезеңі өткізіледі.  Еске салсақ, бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша 140-тан аса жұмыс түсті, қазылар алқасының бағалауы және ашық дауыс беру арқылы салыстырудың нәтижесінде ұсынылған жұмыстардың барлығы елорданың туристік символына қойылған талаптарға сәйкес келмейді деп танылды.

Екінші кезеңнің шарттарына сәйкес, символ, белгі (бренд) қаланың статусын, оның туристік тартымдылығын, көрікті орындарын, ландшафтының ерекшеліктерін және тарихын жеткізуге тиіс. Символ жарқын, түсінікті және заманға сай болуы тиіс. Түс гаммасында қазақтардың декоративті өнерінің түс және композициялық дәстүрлері ескерілуі қажет.

Туристік белгіде қаланың рухын, оның мәнін жеткізетін түпнұсқа семантикалық шешімдерді, графикалық элементтерді қолдануға болады. «Астана» сөзін және айрықша ұрандар қолданылуына жол беріледі. Туристік символ дизайн мен графикалық өнердің заманауи, әлемдік үдерістерінде орындалуға тиіс. Жобаның мәні  терең семиотикалық мән, мағыналық түс гаммасы, шрифтік компзициялардың мәнерлігі, бейнелілік, қарапайымдылық және қабылдау жарқындылығы.

Байқаудың әкімшісі «Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ болып табылады.

Астананың туристік символында «ЭКСПО-2017», Азиада, әлемдік дін лидерлерінің съездері және басқа халықаралық форумдар сияқты Астанада өткізілетін халықаралық шаралардың, елеулі оқиғалардың көрініс табуы тиіс.

Байқауға ниет танытқан кез келген адам қатыса алады. Жобалар алты саннан тұратын символдармен ұсынылады. Қазылар алқасы белгілі сәулетшілерден, тарихшылардан, урбанистерден, дизайнерлер мен суретшілерден жасақталды. Қатысушылар байқауға ұсынуға тиіс материалдардың құрамы: түрлі-түсті графикада орындалған А 3 форматындағы альбом, макет және макеттің масштабы автордың қалауынша, көлемі 1,5-2 машинкаға басылған беттен аз емес түсіндіру хаты, оның бөлімдері автордың ойын толыққанды ашуға тиіс.

Байқаудың жүлде қоры: 1 орын  2 000 000 (екі миллион) теңге, 2 орын  1 000 000 (миллион) теңге, 3 орын  500 000 (бес жүз мың) теңге. Қатысушылар жұмыстарын Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, 5 қабат, 539 кабинет мекен-жайы бойынша 2017 жылдың 5 сәуірі 18:00-ден кешіктірмей тапсыра алады.

Анықтама телефондары: +7 (7172) 556719, 556717 немесе uvp535@mail.ru электрондық мекен-жайына жіберуге болады.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.