Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

16.03.2017, 14:32 Баспасөз орталығы / Жаңалықтар
Елордада ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өтеді

Үстіміздегі жылдың 19 наурызынан бастап қаланың үш ауданында отандық тауар өндірушілердің қатысуымен апта сайынғы ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өткізіле байтайды. Жәрмеңкелер қара күзге дейін жалғасады.

Жәрмеңкеде негізгі азық-түлік өнімдерінің 25-тен аса түрі, атап айтқанда картоп, пияз және көкөністердің басқа түрлері, сонымен қоса қышқыл сүт өнімдері, кондитерлік және макарон бұйымдары сатылады.

Жәрмеңкеде ұсынылған тауарлар қала нарығындағы бөлшек сауда бағаларынан төмен бағада сатылатын болады.

Жәрмеңкелер апта сайын таңғы 9:00-ден кешкі 18:00-ге дейін Сауран к-сі, 7, Абылай хан даңғылы, 20а, Косшығұлұлы к-сі, 16 өтетін болады.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.