Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

22.10.2017, 06:52 Баспасөз орталығы / Жаңалықтар
Елордалық кәсіпорындар ресми түрде Recommended by EXPO-2017 мәртебесін алды

Астана қаласының Recommended by EXPO-2017 Серіктестік бағдарламасы шеңберінде алғашқы тоғыз қонақ үй мен мейрамхана мақұлданды.

Бүгін Астана қаласының әкімдігінде Recommended by EXPO-2017 Серіктестік бағдарламасының үшінші қатысушыларына сертификаттар мен белгілерді салтанатты тапсыру рәсімі болып өтті.

Астана қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова 32 қатысушыға сертификаттар мен бағдарламаның логотипімен мүсіншелер табыстады. Қонақ үйлер, хостелдер, қоғамдық тамақтану, қызмет көрсету кәсіпорындары, сондай-ақ, елорданың көлік компаниялары марапаттарға ие болды.

Бағдарламаның мақсаты ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің қатысушылары мен келушілерін қарсы алу үшін туристік қызметтерді ұсынудың сапасын арттыру, сондай-ақ қаланы тартымды туристік дестинация ретінде одан әрі дамыту үшін осы саладағы жағдайды жақсарту болып табылады.

Осылайша, Астана қаласының ресми Серіктестері өз брендтерін Астана қаласы әкімдігінің, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ, «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС сайттарында, әуежай мен теміржол вокзалындағы ақпараттық киоскілерінде басымдықпен орналастыру, туристерге арналған ақпараттық материалдарда, сондай-ақ жаяу жүргіншілердің навигациялық жүйесінде орналастыру құқығына ие болады.

Айта кетейік, жобаны ұйымдастырушылар - Астана қаласының әкімдігі және «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ, оның жұмыс органы «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС болып табылады.

Бағдарламаға барлық елордалық қонақ үйлер, жалға берілетін пәтерлер, қоғамдық тамақтану орындары мен қызмет көрсету салалары, коворкинг форматындағы кеңсе кеңістіктері, аудармашы-гидтер мен экскурсия жүргізушілер, хостелдер мен жолаушылар тасымалы қызметін көрсететін көлік компаниялары қатыса алады.

Астана қаласының серіктесі статусын алу үшін кәсіпорындар ұсынатын қызметтерінің сапасын бағалаудан өткізеді. Бүгінде Бағдарламаға қатысуға 187 өтінім берілген.

Қонақ үйлер:

1. «Goldman Empire» қонақ үйі - Астана қаласының күміс серіктесі;

2. «О’Азамат» қонақ үйі - Астана қаласының қол серіктесі;

3. «Алтын Дала» қонақ үйі – Астана қаласының қола серіктесі;

4. «Ақмола турист» қонақ үйі – Астана қаласының қола серіктесі;

5. «Жибек Жолы» қонақ үйі – Астана қаласының серіктесі;

6. «Kel Inn» қонақ үйі – Астана қаласының серіктесі;

Қоғамдық тамақтану объектілері:

7. «Barley» мейрамханасы - Астана қаласының қола серіктесі;

8. «Hungry Rabbit» мейрамханасы - Астана қаласының күміс серіктесі;

9. «Aroma» мейрамханасы - Астана қаласының алтын серіктесі;

10. «Izumi Tai» мейрамханасы - Астана қаласының алтын серіктесі;

11. «Vista restaurant & bar» мейрамханасы – Астана қаласының алтын серіктесі;

12. «Ali Baba мейрамханасы - Астана қаласының күміс серіктесі;

13. «Orynbor» мейрамханасы - Астана қаласының алтын серіктесі;

14. «Sәtti» мейрамханасы - Астана қаласының күміс серіктесі;

15. «Тарантино» мейрамханасы – Астана қаласының күміс серіктесі;

16. «Lobby bar» бары – Астана қаласының алтын серіктесі;

17. «O’16» бары - Астана қаласының алтын серіктесі.

18. «Arba Wine» винотекасы - Астана қаласының күміс серіктесі;

19. «Vostok Story» мейрамханасы – Астана қаласының күміс серіктесі;

20. «Adagio» бары – Астана қаласының күміс серіктесі;

21. «Tutti Frutti Mega» тез тамақтану – Астана қаласының серіктесі;

22. «Tutti Frutti Хан-Шатыр» тез тамақтану – Астана қаласының серіктесі;

Хостелдер:

23. «Triumph Astana Hostel» хостелі – Астана қаласының серіктесі;

24. «Ночлег» хостелі – Астана қаласының серіктесі;

25. «ЭКСПО-хостел» хостелі - Астана қаласының серіктесі;

26. «Club Hostel» хостелі - Астана қаласының серіктесі;

Көлік компаниялары:

27. «ЭКО такси» көлік компаниясы – Астана қаласының серіктесі;

28. «School Bus» көлік компаниясы – Астана қаласының серіктесі;

Қызмет көрсету салаларының объектілері:

29. «University Medical Center» Ұлттық ана мен бала орталығы – Астана қаласының серіктесі;

30. «University Medical Center» Ұлттық балалар оңалту орталығы – Астана қаласының серіктесі;

31. «University Medical Center» Республикалық диагностика орталығы - Астана қаласының серіктесі;

32. «Yoga room» йога-орталығы - Астана қаласының серіктесі

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.