Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

18.03.2017, 17:18 Жаңалықтар / Спорт
Головкин мен Джейкобстың жекпе-жегі үлкен экраннан көрсетіледі

2017 жылғы 19 наурызда Геннадий Головкин мен Дэниел Джейкобстың арасындағы жекпе-жек «Казмедиа Холл» киноконцерт залында (Астана, Д. Қонаев к-сі, 4) тікелей эфирден көрсетіледі.

Көрсетілім Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен және Ұлттық Олимпиада комитеті мен Спорттық жекпе-жек және спорттың күштік түрлері конфедерациясының көмегімен жүзеге асырылады.

Астана тұрғындары мен қонақтары орта салмақтағы WBC, IBF, WBA (Super) және IBO титулдарының иегері Геннадий «GGG» Головкин (36-0, 33 КО) мен WBA (Regular) нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы американдық боксшы Дэниел Джейкобстың (33-1, 29 КО) арасындағы кездесуді үлкен экраннан HD форматында тамашалай алады.

Жекпе-жек 19 наурызда Астана уақыты бойынша сағат 8:00 көрсетіледі. Трансляция демеушісі – «Қазақстан» РТРК. Шараны ұйымдастырудың демеушісі – Қазақстанның бокс федерациясы.

Кіру тегін.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.