Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

18.03.2017, 18:51 Жаңалықтар / Білім
Республикалық олимпиадада елордалық оқушылар 35 медаль еншіледі

Жаратылыстану-математикалық бағытындағы республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша Астана қаласының командасы 35 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 10 оқушы - І орын дипломы мен алтын медаль, 12 оқушы – ІІ орын дипломы мен күміс медаль, 13 оқушы – ІІІ орын дипломы мен қола медаль иеленді.

Осылайша, Астана қаласының командасы Алматы мен Павлодар қалаларынан басым түсті.

Елордалық дарындылар командасы «Ең үздік олимпиадалық команда» атанып, жалпыкомандалық есепте І орынды иеленді.

Жаратылыстану-математикалық бағытындағы республикалық олимпиаданың жабылу салтанаты бүгін, 18 наурызда Павлодар қаласында Естай атындағы мәдениет сарайында өтті. Оған еліміздің барлық облыстарынан, Астана және Алматы қаласынан, Республикалық білім беру мекемелерінен, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымынан, «Бөбек» республикалық оқу-сауықтыру орталығынан барлығы 21 командадан 764 оқушы қатысты.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.