Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

18.03.2017, 19:45 Баспасөз орталығы / Жаңалықтар
Астаналықтар наурыз көже мен бауырсақтан дәм тәтті

Наурыз мерекесі қарсанында Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасы «Наурыз әрбір аулаға!» шарасын өткізді.

Акцияның мақсаты жалпыұлттық рухты қолдау, Отанға деген сүйіспеншілікке және патриоттыққа баулу, сондай-ақ жақсы көңіл-күй сыйлау болып табылады.

Арнайы безендірілген автобус Промышленный тұрғын алабынан шығып адамда көп жиналатын орындарда болды. Автобус Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің, Кенесары хан ескерткішінің, С. Сейфуллин атындағы қазақ аротехникалық университетінің, авто және теміржол вокзалдарының жанына тоқтады.

Наурыз көже мен бауырсақтар Астана тұрғындары үшін басты мерекелік сый болды. Ұлттық киімін киген басқарма қызметкерлері мен еріктілерді тұрғындар қуанышпен қарсы алды.

«Мерекелік көңіл-күй көтеріңкі, ұйымдастырушыларға рахмет. Балалар ерекше қуанышты, көже үшін тіпті тақпақтарын айтып жатыр! Біз осындай шараларға өте қуаныштымыз. Оларды тек орталықта ғана емес, тұрғын алаптарында да өткізіліп жатқаны игі!», - деді тұрғындардың бірі.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.