Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

19.03.2017, 09:48 Баспасөз орталығы / Жаңалықтар
Наурыз мейрамына орай № 1 балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды

Бүгін Наурыз мейрамы қарсаңында елорда әкімдігі «Жергілікті қамтуды дамытудың ұлттық агентттігі «NADLoC»» АҚ-мен және «Дүние» бастапқы партиялық ұйымымен бірлесіп, Ақкөл қаласында орналасқан №1 балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін мереке ұйымдастырды. Әр түрлі жастағы 60 жуық бала Астана қаласының көрікті жерлерінде болып, қала әкімдігінің өкілдерімен кездесті.

Бағдарламаға сәйкес, балалар ҚР Ұлттық музейінде болып, бірегей экспонаттармен танысты. Ал мерекелік түскі астан кейін Астана қаласы әкімі аппаратының басшысы Беріком Жакеновпен кездесті. Содан кейін балалар Физикалық Электро-Шоу Тесла және Фокусник-иллюзионист шоуларын тамашалады.

Мұнымен қоса, балаларға бағалы сыйлықтар тарту етілді. Сондай-ақ олар дельфинарий мен Океанариумда болды.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.