Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

19.03.2017, 15:49 Баспасөз орталығы / Жаңалықтар
«Хан Шатыр» СОСО-да Наурыз мейрамы тойланады

«Хан Шатыр» СОСО-да Наурыз мерекесі 20, 21 және 22 наурызда тойланады. Атриумда үлкен сахна орнатылып, киіз үй тігіледі. Келушілер үшін қолөнершілер жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

20 наурызда сағат 16.00 мерекелік концерт өткізіліп, көрермендер түрлі ойындарға қатыса алады, елордалық би топтарының өнерін тамашалайды.

Сонымен қатар, 21 наурызда сағат 12.00-де ұлттық киім киген қыздар келушілерге бауырсақ ұсынады, мықтылықтың, қайсарлықтың, еркіндіктің белгісі қыран бүркіт мерекенің сәнін келтірмек. Көрермендер арасында түрлі жарыстар өткізіліп, сыйлықтар табысталады. Көпшілік назарына акробаттар шоуы, «Шашу» биі ұсынылады. Шара соңында мықты жігіттер «Қазақ күресінде» шеберлік байқасады.

22 наурызда сағат 16.00 елордалық топтардың қатысуымен концерт өтеді.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.