Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

19.03.2017, 19:11 Баспасөз орталығы / Жаңалықтар
Астанада Mega Silk Way жұмыс кестесі уақытша өзгереді

Елордада MEGA Silk Way сауда, ойын-сауық орталығының ашылуына орай жұмыс кестесі уақытша өзгереді. 22 наурызда орталық сағат 21:00 дейін жұмыс істейтін болады. Қазіргі кезде орталық әкімшілігі 23 наурызда сағат 18:00 өтетін салтанатты ашылуға дайындық үстінде. Шара барысында елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына артистердің, акробаттардың, каскадерлардың қатысуымен мерекелік бағдарлама ұсынылады.

Ұлы Жібек жолының сауда «көшелерімен» импровизацияланған театрландырылған шеру жүріп өтеді, HASSAK этно-фольклорлық ансамбль өз өнерін ортаға салады. Сонымен қатар, қолөнершілер мен суретшілердің шығармашылық алаңы ашылады, MEGA Silk Way орталығына келушілер шеберлік сыныптарына қатыса алады.

Еске салайық, 6 наурызда MEGA Silk Way СОСО техникалық ашылуы өткен болатын.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.