Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

06.04.2017, 18:41 Жаңалықтар / Жаужүрек полк
«Жаужүрек полкі Астана» маршына қатысу ережелері жарияланды

«Жаужүрек полкі» азаматтық қозғалысының ұйымдастыру комитеті 9 мамырда өтетін «Жаужүрек полкі Астана – әлемдік марш» шеруіне қатысу ережелерін жариялады.

1941-1945 жж. соғысқа қатысқан азаматтардың ұрпақтары Астана көшелерімен жүріп өтеді.

«Жаужүрек полкі Астана» маршына қатысу үшін алдын ала арнайы тіркелу және кіру билеттері жоқ. «Жаужүрек полкі Астана» маршына қатысушыларға марш алаңын жарнама ретінде пайдалануға және транспаранттарда кез келген саяси, корпоративтік не басқа да символдарды жариялауға тыйым салынады, деп хабарлайды ұйымдастыру комитеті.

Қатысушылардың назарына, транспаранттар үшін бірдей стандарттар дайындалды. Жауынгердің суреті қойылған немесе аты-жөні жазылған (егерде суреті болмаса, аты-жөні, қызметтік лауазымы жазылған плакат жасауға болады) транспарантта қазақстандық Жеңіс лентасы, Отан соғысының ордені,  қазақ және орыс тілінде «Жаужүрек полкі Астана» деген жазудан, полктің логотипінен басқа символ болмауы керек.

Транспаранттың өлшемдері: ені – 290 мм, ұзындығы – 435 мм,  сабының ұзындығы – 400 мм. Фото: 245 х 290 мм. Сабы ағаштан немесе пластмассадан жасалу керек.

Транспарантты жасау міндетті емес. Бұл портретті ұстап жүру ыңғайлы болу үшін жасалады. Қатысушы үлкен өлшемдегі суретпен де шеруге шыға алады, тек фото шыны жиектемеге салынбауы керек. Өйткені, біріншіден, оның шыныда орналасуы қауіп төндіреді, екіншіден, шыны жиектемедегі сурет күнге шағылысады.

Шеру «Қазақ елі» монументінен басталып, «Отан қорғаушылар» мемориалында аяқталады.

Биыл «Жаужүрек полкі Астана» маршының жолы 2,5 шақырымды құрайды, жалпы жүріп өтетін жол 3,6 км құрайды. «Қазақ елі» монументінің жанында жиналу уақыты сағат 12.00, қозғалу уақыты 13.00 басталады.

Монумент алаңында музыкалық композициялар мен соғыс жылдарындағы әндер орындалады. Әскери техникамен бірге колонна Тәуелсіздік даңғылымен жүріп өтеді. «Жеңіс күні» композициясын орындап,  шеру «Отан қорғаушылар» монументінде мәресіне жетеді.

Шара соғыста ерлік көрсеткен ардагерлердің жанұяларын, ұрпақтарын еске алу үшін ұйымдастырылады және оған кез келген азамат қатыса алады.

Маршруттың  ұзындығы 3,6 км болғандықтан  шеру өтетін күні барлық қатысушыларға ауа райын ескере отырып, қолайлы аяқ киім киюге және алдын ала гүл мен су алуға кеңес береміз.

Қатысуға байланысты сауалдарыңызға жауапты мына телефондар арқылы ала аласызда:

8-701-683-23-83, 8-777-171-10-50, 8-700-100-00-11, 8-771-900-12-77, 8-701-999-78-20, 8-702-999-19-51, 8-707-777-08-72, 8-700-717-27-01, 8-700-100-99-33, 8-702-999-19-52

Ұйымдастыру комитетінің хабарлауынша, транспарант жасауға дайын типографиялар туралы ақпарат әлеуметтік желілер мен сайттарда орналастырылған. Атап айтқанда, Facebook-те – Бессмертный полк Астаны - https://www.facebook.com/polkastana,

«ВКонтакте» әлеуметтік желісінде – Бессмертный-полк Астана - https://vk.com/polkastana, Инстаграмда – @polkastana - http://www.igcol.com/user/polkastana, Moypolk.com сайтында – Астана аймағы, Қазақстан, ctc-rk.kz сайтында. 

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.