Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

19.04.2017, 10:59 Жаңалықтар / Әлеуметтік сала
Елордада жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізілуде

Астанада Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2020 жылдарға арналған бағдарламасының негізгі бағыттары, «Өрлеу» жобасы, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңнама нормалары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. 

Ұтқырлық топ құрамына Еңбек, әлеуметтік қорғаужәне көші-қон департаментінің, Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау, Денсаулық сақтау басқармаларының, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының, Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығының өкілдері кіреді.

2018 жылдан бастап әлеуметтік төлемдерді оңтайландыру көзделген.

1 сәуірден бастап «Алматы» ауданында халықпен және еңбектік ұжымдарымен 6 кездесу өткізілді, оның ішінде №24 мектепте (Пригородный тұрғын алабы), № 29 орта мектепте (Теміржол тұрғын алабы), № 45 орта мектепте (Заречный тұрғын алабы), № 26 ОМ, № 42 ОМ, № 18 ОМ (Күйгенжар тұрғын алабы).

Кездесулерге 200-ден астам адам қатысты. Тұрғындарға жеке кеңестер берілді.

Қазіргі уақытта қолданыстағы әлеуметтік төлемдердің үш түрі - Атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік көмек, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың орнына жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек ұсынылатын болады.

Жаңа атаулы көмек екі түр бойынша жіктеледі - шартты және шартсыз. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек ең төмен күнкөріс деңгейінің 50 % төмен орташа жан басына шаққандағы табысы бар еңбекке қабілетті азаматтарға отбасының барлық еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бағдарламаларында міндетті түрде қатысқан жағдайда ғана тағайындалатын болады (әлеуметтік келісімшарт негізінде). Шартсыз көмекті отбасы құрамында еңбекке қабілеттілігі жоқ мүшелері (мысалы зейнеткерлер мен мүгедектер) немесе объективті себептер бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің шараларына қатыса алмайтын еңбекке қабілетті азаматтардың отбасылары (мектепке дейінгі жастағы балалары бар жалғызілікті аналар).

Жаңа Заңды іске асыру төмен табысы бар отбасылардың санын қысқартуға мүмкіндік береді және аз қамтамасыз етілген азаматтар ішінен шығу үшін әлеуетін дамытады.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.