Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

19.04.2017, 14:18 Жаңалықтар / ҚР Президентінің жолдауы
«Сарыарқа» ауданы әкімінің аппаратында Мемлекет басшысының мақаласы талқыланды

Бүгін «Сарыарқа» ауданы әкімінің аппаратында аудан активімен кездесу өтті. Жиын Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының басты бағыттарын талқылауға арналды.

Кездесу барысында Астана қалалық мәслихатының депутаты Зәуре Жүсіпова, «Нұр Отан» партиясының Сарыарқа аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бағлан Әлімғазина, «Жас Отан» ЖҚ Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дәурен Ұзақбаевтар баяндама жасады.

Басқосуға қатысушылар ҚР Президенті мақаласының тұжырымдамалық мазмұнына қолдау білдіріп, таңдалған тақырыптың өзектілігі мен ауқымдылығын атап көрсетті.

Кездесу соңында жиналғандар аудан тұрғындарының арасында мақаланы түсіндіру жұмыстарын жалғастыру қажеттігін айтты.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.