Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

19.04.2017, 17:51 Жаңалықтар / Көлік және автожол
Жөндеу жұмыстарына байланысты кейбір көшелер жабылады

Астана қаласының Автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, автокөлік жолдарын орташа жөндеу шеңберінде жөндеу жұмыстары басталады.

Атап айтқанда, сәуірдің 19-нан 25-не дейін Тұран даңғылының «Сарыарқа» сауда-ойын-сауық орталығынан «Keruen City» сауда-ойын-сауық орталығына дейінгі бөлігіндегі екінші кезектегі өту жолы жабылады.

Сонымен қатар сәуірдің 19-нан 29-на дейін А. Байтұрсынов көшесінің Тәуелсіздік даңғылынан Қ. Аманжолов көшесіне дейінгі учаскесі жөнделеді.

Сәуірдің 19-нан 30-на дейін Тәуелсіздік даңғылының Қ. Мұнайтпасов көшесінен Ж. Тәшенов көшесіне дейінгі учаскеде тиісті жұмытар жүргізіледі;

Осыған байланысты аталған учаскелерде автокөліктердің қозғалысы жартылай тоқтатылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан кептеліс тудырмау үшін жол қозғалысы бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.