Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

20.04.2017, 15:05 Жаңалықтар / Көлік және автожол
Астанада Қазақстан халқының бірлігі күніне, Әсери шеруге және Жеңіс күніне дайындық және оларды өткізу кезеңінде жол қозғалысы шектеледі

22 және 23 сәуір күндері және мамырдың 2-сінен 7-сіне дейінгі аралықта «Қазақ Елі» алаңында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған шараларға және Әскери шеруге дайындық және оларды өткізуге байланысты жол қозғалысы шектеледі. Бұл туралы елорда әкімдігіндегі арнайы баспасөз мәслихатында ұйымдастырушылар мәлім етті.

«7 мамырда «Қазақ Елі» алаңында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 25 жыл толуына және Жеңіс күніне арналған әскери парад өткізіледі. Биыл біз ҚР ҚК 300-ге жуық қазіргі заманғы техника түрлері мен 5000-нан аса әскери қызметкерінің және әскери қызмет ардагерлерінің қатысуымен айрықша ауқымды шара дайындап жатырмыз. Біздің басты міндет - тәуелсіздік жылдары қол жеткізілген Қарулы күштеріміздің қуаты мен жоғары мүмкіндіктерін көрсету», - деп атап көрсетті ҚР Құрлықтағы әскерлері бас қолбасшысының орынбасары Дулат Адырбеков.

Осыған байланысты, 22 сәуірден 5 мамырға дейін «Қазақ Елі» алаңында жаттығулар мен дайындық өткізу ұйымдастырылады. ҚР ҚК техникасы мен жеке құрамының жүруіне бірнеше бағыт бойынша қозғалыс шектеледі.

Атап айтқанда, 40-шы станциядан Байырқұм көшесімен, Қошқарбаев көшесіндегі жолайрыққа дейін.

Сондай-ақ, Қошкарбаев көшесімен көпір жолайрығынан бастап Б.Момышұлы даңғылына дейін,  Б.Момышұлы даңғылымен Тәуелсіздік даңғылына дейін көлік қозғалысы жабылады.

Қозғалысты шектеумен дайындық жұмыстары 22 сәуірде және 2 мамыр күндері таңғы 05.30 дан 07.30-ға дейін жүргізіледі. Сонымен бірге, 23 сәуірде сағат 16.00-18.00, 7 мамырда 15.00-17.00 қозғалыс шектелмек.

Қазақстан халқының бірлігі күні де осындай шаралар қабылданады. Тәуелсіздік даңғылымен қозғалыс Байтұрсынов көшесінен Нәжімеденов көшесіне дейін 23 сәуірден 2 мамырға дейін сағат 16.00-ден бастап шектеледі.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қаланың бірнеше көшесімен қозғалыс шектеледі. Атап айтқанда, Тәуелсіздік даңғ., Б. Майлин к-сінен Нәжімеденов к-сіне дейін, Ш. Қалдаяков к-сі, М3 көпірінен Тәуелсіздік даңғ. дейін, Нәжімеденов к-сі, Ш. Қалдаяков к-сінен Сарыкөл к-сіне дейін, Байтұрсынов к-сі, Қошқарбаев к-сінен Сарыкөл к-сіне дейін, Қошқарбаев к-сі, Б. Момышұлы даңғ.-нан  Сарыкөл к-сіне дейін, Б. Момышұлы даңғылы Сәтбаев к-сінен Дарабоз к-сіне дейін.

Осылайша, көлік кептелістерін болдырмау мақсатында шараларды ұйымдастырушылар автокөлік жүргізушілеріне 22, 23 сәуір және 2-7 мамыр күндері өз бағыттарын алдын ала жоспарлауға кеңес береді. Аталған бағыттар бойынша ақылы қоғамдық автобустар жүретін болады. 

Мерекелік шаралардың шарықтау шегі Жеңіс күнін мерекелеу болмақ, 9 мамырда сағат 12.00-ден 15.00-ге дейін Ұлы Отан соғысының жауынгерлерін еске алуға арналған «Жаужүрек полк» шеруі өтеді. Осыған байланысты «Жаужүрек полк» механизацияланған және жаяу колоннасының өту учаскесінде Тәуелсіздік даңғылымен Қалдаяқов к-сінен Пушкин к-сіне дейін қозғалыс шектеледі.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.