Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

20.04.2017, 16:04 Жаңалықтар / Спорт
«Астана» футбол клубы «Елорда көктемі» балалар турнирін өткізеді

23 сәуір Астанада таңғы сағат 8:45 пен 12:40 аралығында «Тарлан Арена» спорт кешенінде (Г. Алиев көшесі, 21) 2008 жылы дүниеге келген жасөспірімдер арасында «Елорда көктемі» балалар турнирі өтеді.  

Қазақстан футболы күніне орайластырылған жарыс «Астана» футбол клубының мұрындық болуымен ұйымдастырылады.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, «Елорда көктемі» турнирі қаламыздың барлық жасөспірімдер футболы өкілдерінің басын бір жерге тоғыстырады. Турнирде елорда футбол орталығының командалары, №8 ОРСБЖМ және басқа командалар бақ сынайды.

Жарыс жеңімпаздарына дәстүр бойынша кубоктар мен медальдар, Lego конструкторлары және «Астана» футбол клубының естелік сыйлықтары табыс етіледі.  

Турнирге футбол клубының ресми өкілдері қатысады.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.