Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

20.04.2017, 16:36 Жаңалықтар / ҚР Президентінің жолдауы
Астана қаласы ҚХА ғылыми-сарапшы тобы және Қоғамдық келісім кеңесінің өкілдері Елбасының мақаласын талқылады

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының тақырыптық күні шеңберінде елорда әкімдігінде Қоғамдық келісім кеңесінің және Астана қаласы ҚХА ғылыми-сарапшы тобының өкілдерінің бірлескен отырысы өтті.

Тараптар Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын талқылады. Шараға елордалық ҚХА-ның, қалалық этномәдени бірлестіктердің, БАҚ өкілдері қатысты.

Спикерлер Елбасының мақаласының басты бағыттары мен «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы бойынша ұсыныстар әзірлеу керектігіне назар аударды. Сондай-ақ, ұлттық бірегейлікті, келісімді дамытудың, және Қазақстан халқы Ассемблеясының елімізде этносаралық диалог орнатудағы ролінің маңыздығына тоқталды.

«Біз жаһандану процестеріне куә болып отырмыз. Осындай жағдайда Мемлекет басшысы елімізді жаңғыртудың басымдықтарын белгілеп берді. Осы жерде латын әліпбиіне өтуді, ұлттық салт-дәстүрлерімізді, мәдениетімізді сақтауды атап өту керек», - деп атап көрсетті Астана қаласының Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Әміржан Әлпейісов.

«Тұран-Астана» университетінің экономика және инновациялық бизнес кафедрасының профессоры Орақ Әлиев ұлттық бірегейлікті сақтау, Қазақстанның эволюциялық даму жолы туралы пікір білдіріп, әрбір қазақстандықтың өз бірегейлігін түсінуі ел бірлігінің басты құралы екенін айтты.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.