Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

20.04.2017, 18:06 Жаңалықтар / Коммуналдық шаруашылық
Астанада жылыту маусымы аяқталды

Астана қаласы мәслихатының 2014 жылдың 27 маусымындағы № 249/36-V «Астана қаласында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу туралы» шешіміне сәйкес, сырттағы ауаның орташа тәуліктік температурасы плюс 10°С деңгейінде бес күнтізбелік күн бойы тұрақты болған жағдайда Астана қаласының жергілікті атқарушы органы жылыту маусымын аяқтау туралы шешім қабылдайды.

Бүгінгі күні Астана қаласында сырттағы ауаның орташа тәуліктік температурасы тұрақты.

20 сәуірден бастап жылыту жүйесін кезең-кезеңмен өшіру жүргізіледі.

Энергетика басқармасының хабарлауынша, 2016 жылдың 1 қазанында басталған жылыту маусымы 202 күнге жалғасты. Өткен жылыту маусымында энергиямен жабдықтау жүйелері іркіліссіз жұмыс істеді. Есептік кезеңде қуат көздері бойынша ақаулар және жоспардан тыс тоқтатулар тіркелген жоқ. Мұның алдындағы кезеңдермен салыстырғанда энергия көздеріндегі апаттылық 37%-ға, электр желілерінде 8%-ға төмендетілді.

«Астана-Энергия» АҚ хабарлауынша, жылыту маусымы кезеңінде 2 069 млн кВт.сағ электр энергиясы өндірілді, бұл осының алдындағы жылғы көрсеткіштен 14,9%-ға көп.

Қаланың энергия көздерінде 2 500 мың тонна көмір, 7 313 тонна мазут шығындалды.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.