Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

21.04.2017, 17:06 Жаңалықтар / Білім
Ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларды қамқорлыққа тағайындау тәртібі

Астана қ. Білім басқармасының мәліметтеріне сәйкес, ата-ана қамқорлығынан айырылған балаға (балаларға) және жетім балаға немесе жетім балаларға қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі №198 бұйрықпен бекітілген мемлекеттік қызмет болып табылады.

Мемлекеттік қызметті жергілікті атқарушы органдар көрсетеді. Қамқоршылықты немесе қорғаншылықты рәсімдеуге өтініш қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін бері қызмет көрсетушінің канцеляриясы, Халыққа қызмет көрсету орталықтары және «электрондық үкіметтің» www.egov.kz. Порталы арқылы жүзеге асырылады.

Азаматтар қамқоршылықты немесе қорғаншылықты рәсімдеу үшін келесі құжаттарды тапсыруға тиіс: мемлекеттің қызметтің стандартына сәйкес форма бойынша өтініш; қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжат; некеде тұрса жұбайының нотариалдық түрде куәландырылған келісімі. Сондай-ақ, қызмет алушының денсаулық жағдайы туралы анықтама, және егер некеде тұрса, Кодекстің 91 бабының 1 бөлімі 6 тармақшасына сәйкес аурулардың жоқтығы туралы анықтама, және ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндеттерін атқарушының «Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттарының формаларын бекіту туралы» 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығына сәйкес формада наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде тіркеуде тұрғаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама. Жұмыс орнынан мінездеме; егер некеде тұрса, 2008 жылға дейін немесе ҚР аумағынан тыс некелессе, некеге тұру туралы куәліктің көшірмесі; некеде тұрмаса, қызмет алушының нотариалдық түрде куәландырылған өтініші; 2007 жылдың 13 тамызына дейін немесе ҚР аумағынан тыс туған баласы болса, баланың (балалардың) туу туралы куәлігінің көшірмесі. Сондай-ақ, жалғыз немесе екі ата-ананың балаға қамқоршылығы жоқтығын қуаттайтын құжаттардың көшірмесі қажет (өлгені туралы куәлік, ата-ананы ата-ана құқығынан айыру, ата-ана құқығын шектеу туралы, ата-ананы із-түссіз кеткені, қабілетсіздігі (қабілетінің шектелгені), олардың өлгені туралы жариялау туралы сот шешімі, соттың ата-ананың бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеу туралы сот үкімі, ата-ананы іздеуді, баланы (балаларды) ата-анасынан айырып алуды, ата-ананың денсаулық сақтау ұйымдарында ұзақ уақыт емделуін қуаттайтын құжаттар, баланы (балаларды) тастап кету туралы акт, баладан (балалардан) бас тарту туралы өтініш. Қамқоршылық және қорғаншылық бойынша функцияларды іске асырушы орган берген  мемлекеттік қызметтің осы стандартына 3 қосымшаға сәйкес форма бойынша баланың (балалардың) аға-апалары және олардың тұратын орны туралы анықтама, және баланың (балалардың) оқитын орнынан анықтама.

Бұдан ары порталға тапсыру қажет:

1) қызмет алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық формадағы сұраным;

2) егер некеде тұрса, жұбайының нотариалдық түрде куәландырылған келісімінің электрондық көшірмесі;

3) қызмет алушының денсаулық жағдайы туралы, және егер некеде тұрса, Кодекстің 91 бабының 1 бөлімі 6 тармақшасына сәйкес аурулардың жоқтығы туралы, және №907 бұйрыққа сәйкес формада наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде тіркеуде тұрғаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтамалардың электрондық көшірмесі;

4) жұмыс орнынан мінездеменің электрондық көшірмесі;

5) егер некеде тұрса, 2008 жылға дейін немесе ҚР аумағынан тыс некелессе, некеге тұру туралы куәліктің электрондық көшірмесі;

6) некеде тұрмаса, қызмет алушының нотариалдық түрде куәландырылған өтінішінің электрондық көшірмесі;

7) 2007 жылдың 13 тамызына дейін немесе ҚР аумағынан тыс туған баласы болса, баланың (балалардың) туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі;

8) жалғыз немесе екі ата-ананың балаға қамқоршылығы жоқтығын қуаттайтын құжаттардың электрондық көшірмесі (өлгені туралы куәлік, ата-ананы ата-ана құқығынан айыру, ата-ана құқығын шектеу туралы, ата-ананы із-түссіз кеткені, қабілетсіздігі (қабілетінің шектелгені), олардың өлгені туралы жариялау туралы сот шешімі, соттың ата-ананың бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеу туралы сот үкімі, ата-ананы іздеуді, баланы (балаларды) ата-анасынан айырып алуды, ата-ананың денсаулық сақтау ұйымдарында ұзақ уақыт емделуін қуаттайтын құжаттар, баланы (балаларды) тастап кету туралы акт, баладан (балалардан) бас тарту туралы өтініш;

9) баланың (балалардың) аға-апалары және олардың тұратын орны туралы анықтаманың электрондық көшірмесі;

10) баланың (балалардың) оқитын орнынан анықтаманың электрондық көшірмесі.

Электрондық порталда электрондық сұранымды қабылдау қызмет алушының «жеке кабинетінде» іске асырылады. Баланы тәрбиелеуге үміттенетін тұлғаның тұрғын-үй тұрмыстық жағдайларының актісі жоғарыда аталған құжаттар тапсырылған соң дайындалады.

Қамқоршылық немесе қорғаншылық тиісті органға тұлғаға қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу қажеттігі туралы белгілі болған сәттен бастап бір ай ішінде белгіленеді. Аталған қызметтік ақырғы нәтижесі Астана қаласы әкімдігінің қаулысы болып табылады, дейді Білім басқармасының мамандары.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.