Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

21.04.2017, 18:52 Жаңалықтар / Денсаулық сақтау
Астанада өмір сүру ұзақтығы 75,4 жасты құрайды

Мемлекет басшысының тұрақты түрде назар аударуы мен қолдауының арқасында елордада оң нәтижелерге қол жеткізілді. 2016 жылдың қорытындысы бойынша өмір сүру ұзақтығы 75,4 жылды құрады, бұл ел бойынша орташа көрсеткіштен 3,5 жылға көп.

Өткен жылы қалада 27 244 сәби дүниеге келді, бұл 2015 жылғы көрсеткіштен 8%-ға көп. Ана өлімі - 5%ға, сәбилердің шетінеуі-13%-ға, туберкулезден болатын өлім-жітім 2 есеге төмендеді.

Биыл денсаулық сақтау бойынша кешенді жоспар іске асырыла бастады, емдеуден басқа, алды алу шаралары жүргізілмек. Бұл: бұқаралық спорттық-сауықтыру шараларын кеңейту, спорт нысандарына қолжетімділікті қамтамасыз ету, салауатты өмір салтын насихаттау, экологиялық жағдайды жақсарту.

Өткен жылы Қалалық жедел жәрдем станциясы мен 500 орындық Туберкулезге қарсы диспансердің жаңа ғимараттары пайдалануға берілді.

МЖӘ шеңберінде емханалардың 20 минуттық, отбасылық дәрігерлік амбулаториялардың 10 миуттық қолжетімділігі жобасы іске асырылуда. Бұл үшін 9 жаңа амбулаториялық-емханалық мекеменің құрылысы жоспарланған. Тұрғын үй кешендерінің бірінші қабаттарында "Үй дәрігері" 7 отбасылық денсаулық орталығы  ашылады.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.