Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

«Qamqor» мобильді қосымшасы

10.05.2017, 20:54

Заңсыз тексерулер: қалай болдырмау және қайда арыздану керек?

«Qamqor» мобильдіқосымшасы

Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «Qamqor» мобильді қосымшасы Сіздің бизнесіңізді заңсыз тексерулерден қорғайтын болады.

- егер сізге тексеру келсе, сіз кез келген мемлекеттік орган тексеруінің заңдылығын тексере аласыз (СЭС, өрт қызметі, салықтық тексеру және т.б.)

- сіздің компанияңызды тексеруге жоспарланған тексеріс туралы алдын ала білетін боласыз.

Мобильді қосымша Android үшін (https://play.google.com/store/apps/details?id=com.zerotoonelabs.businesssupport&hl=ru), сондай-ақ iOS үшін қолжетімді (https://appsto.re/us/tOyoib.i)

«Qamqor» мобильді қосымшасы қалай жұмыс істейді?

1)  Қосымшаны өз смартфоныңызға орнатыңыз

2)  Тексеру тағайындау туралы актінің нөмірін енгізіңіз (авторизация міндетті емес)

3)  Тексеріс нысаны мен күні туралы толық ақпаратты

4)  Бұзушылық болған жағдайда, қосымша арқылы шағым жолдаңыз

5)  Ұтқыр топ келіп түскен шағымдармен айналысады

6)  Тексеру күшін жояды және тексерушілер жауапкершілікке тартылады.

Қосымша жоспарланған тексеріс туралы алдын ала ескертеді, ол үшін:

1)  ЖШС немесе ЖК ретінде тіркелу қажет

2)  Қосымша баптамасындағы PUSH-хабарламаға тіркелесіз

3)  Сіздің ЖШС/ЖК жаңа тексеру тағайындалған жағдайда Сізге Push-хабарлама келіп түседі

Сонымен қатар егер де сіздің қандай да бір сұрағыңыз болса, онда сіз Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет қызметкерлеріне қосымшаның онлайн-чатында жаза аласыз, сондай-ақ тексерулер туралы ең өзекті сұрақтарға жауап ала аласыз.

Қандай тексеріс заңсыз деп табылады?

Тексеру Кәсіпкерлік кодекстің талаптары өрескел бұзылған жағдайларда жарамсыз деп танылады, олар:

  тексеру жүргiзу негiздерінiң болмауы;

  тексеру тағайындау туралы актiнiң болмауы;

  тексеру жүргiзу туралы хабарлама мерзiмдерiнiң сақталмауы;

  ерекше тәртібі бойынша тексерулер және ішінара тексерулер жүргізу мерзімділігін бұзу;

  тексерiлетiн субъектiге тексеруді тағайындау туралы актiнi ұсынбау;

  мемлекеттiк органдардың өздерiнiң құзыретiне кiрмейтiн мәселелер бойынша тексерулер тағайындауы;

  тексерудi тағайындау туралы актiнi тiркеу мiндеттi болғанда, оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi органдарда тiркеместен, тексеру жүргiзу;

  тексерулер жүргізу мерзімдерін бұзу.

ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті 

тел. 8 (7172) 31-79-74 e-mail: pred3@kgp.kz

 

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.