Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

18.05.2017, 12:05 Жаңалықтар / Ақжарқын Астана
Астаналық студенттер Smile Astana жобасын қолдау бұқаралық флешмобына қатысады

Қала басшысы Әсет Исекешевтің  бастамасымен жүзеге асырылып жатқан Smail Astana жобасы елордалық студенттер арасында танымалдылыққа ие болуда. Акцияны қолдау мақсатында бұқаралық флешмобқа қатысып жатқан Астананың іргелі оқу орындарының студенттері ерекше креативті тәсілдер табуда.

 Белсенділер қатарында «Тұран Астана» университетінің, Қазақ мемлекеттік заң университетінің және Қазақ бизнес және технологиялар университетінің студенттері де бар. Жастар қауымы елорда тұрғындары мен қонақтарын ақжарқын, мейірімді, көңілді болуға шақыратын қысқа видеоролик түсірген. Студенттердің бейнежазбасында кішкентай балалардан бастап, қарияларға дейін барлығы көрермендерге тартымды, жайдарлы форматта ұсынылған. Ал өнертапқыш студенттердің режиссерлығымен көңілді көріністер мен этюдтар жасалған.

Барлық роликтер Астана қаласы жастар ісі жөніндегі басқармасының қолдауымен дайындалған. Осылайша, астананың студенттер қауымы Smail Astana жобасына қатысушылар қатарын көбейтуді көздеп отыр және елорданың мейрімді, ақжарқын тұрғындарын насихаттауға бағытталған бүтін бір жастар қозғалысын қалыптастыруды көксейді. Барлық видеороликтерді әлеуметтік желілерден #АқжарқынАстана #SmailAstana хештегі арқылы табуға болады.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.