Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

18.05.2017, 17:32 Баспасөз орталығы / Жаңалықтар
266 мыңнан астам астаналықтың жеке мәліметтері «Еңбек нарығы» ақпараттық жүйесіне енгізілді

Аталған жұмысты Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығында арнайы құрылған қалалық штаб атқарды.

«Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі біздің елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізушеңберінде әлеуметтік дәрежесі жоқ тұлғаларды анықтап, «Еңбек нарығы» ақпараттық жүйесіне енгізуді міндеттеді. Осындай азаматтар елордамызда 266 мыңға жуық екен. Осыған орай, біз шұғыл түрде Халықты жұмыспен қамту орталығы базасында жедел түрде қалалық штаб құрып, алдымызға қойылған міндеттер орындалды», - деп хабарлады Жұмыспен қамту, еңбек, әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ермек Оспанов.

Азаматтардың әлеуметтік статусы 25 емхананың 531 участкелік дәрігері терапиялық аумақтарды бекіту бойынша халық санағын жүргізу барысында нақты анықтады. Сонымен қатар, «Участок» жедел-алдын алу шаралары аясында 175 участкелік полиция жұмылдырылып, олар әр аулаға барып, тексерді. Бұдан бөлек, ПИК өкілдері 410 пәтерді аралады.

Балабақшалар,жалпы білім беретін мектептер мен колледждерде ата-аналардың әлеуметтік статусын нақтылады. Сонымен қатар, Астанадағыколледждер мен жоғарғы оқу орындарында ортақ тізімнен бір бөлімнің студенттерін нақтылады. Жұмыспен қамту орталығына келген әр адам кеңес алып, өзінің әлеуметтік статусын білді. Сондай-ақ қаладағы базарлар мен сауда орталықтарында рейдтік шаралар ұйымдастырылды.

Ақпараттық-түсіндірме жұмыстары БАҚ көмегі, жарнама, барлық пошта жәшіктері, SMS хабарландырулар, автобус ішінде, әлеуметтік желілер мен сайттар, ХҚКО-дағы жұмыспен қамту орталықтарының мамандарының кеңес беру жұмыстары арқылы да жүргізілді. Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі күн сайын әлеуметтік статусы жоқ азаматтардың тізімін жаңартып отырады және ол жұмыспен қамту орталықтарына статусын анықтау үшін жіберіледі.

«Аталған жеке тұлғаларға қатысты ақпараттық жүйеде жұмыстар жалғасады», - деп хабарлады Ермек Оспанов.

 Атқарылған істердің қорытындысы бойынша 164 167 адам қазіргі уақытта жұмыс істейтіндері, 38 616 студент, 11 432 адам қаладан тыс жерде, ал 3 070 адам әлеуметтік төлем алушылар екені анықталды.  

 Алайда, бұған қарамастан жұмыссыздардың ең төменгі санаты бойынша Астана көш басында, республикалық көрсеткіштен 0,3% төмен. Ағымдағы жылдың І тоқсанында 4,6 пайызға дейін қысқарды. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі І тоқсанда - 4,5%, әйелдер арасында 4,5%.

 2017 жылдың 17 мамырындағы мәлімет бойынша, жұмыспен қамту орталығына 6 033 адам хабарласқан. Олардың 1 794 тұрақты жұмысқа орналастырылды, 151 адам қысқа мерзімді оқуға жіберілді, 336 түлек жастар тәжірибесінен өтуде, 119 адам әлеуметтік жұмысқа тартылды, 1 028 қоғамдық жұмыстармен қамтылды. Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау шараларына 3 428 адам қатысты немесе 57%.

  Қазіргі уақытқа дейін 4 рет бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 160 адамның екі қолына бір күрек табылды. Жыл соңына дейін тағы қосымша 5 жәрмеңке өткізу жоспарлануда. Сонымен қатар, наурыздың 1-нен бастап қаланың үш ХҚКО-нда жұмыспен қамту орталығының пунктері жұмыс істеп жатыр. Екі сауда үйінде жұмыспен қамту орталығының өкілдіктері бар, үш мешітте еңбекпен қамтамасыз етуге қатысты кеңес беретін пункт жұмыс істеп тұр, сондай-ақ, әлеуметтік желілер арқылы (Facebook, Twitter, ВКонтакте, Instagram) халықпен байланыс тығыз.

«CZ Astana» қосымшасы арқылы кез-келген адам бос жұмыс орындар туралы, кәсіби бағдарлауға қатысты тест сұрақтарымен, афиша, жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілерге қатысты ақпараттармен таныса алады.  Жұмыспен қамту орталықтарындағы мобильді топ адам көп шоғырланатын жерлерге, сауда үйлеріне, базар, жер үйлерге арнайы шығып, ақпарат беріп,  жүйелі жұмыстар жүргізуде.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.