Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

19.05.2017, 09:10 Баспасөз орталығы / Жаңалықтар
«АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешенінде «Музейдегі түн» өтті

Халықаралық мұражай күні «Алжир» мұражай-мемориалдық кешені аумағында «Музейдегі түн» акциясы өтті. Шараны Целиноград ауданы мәдениет бөлімі мен Ақмол ауылының №5 орта мектебі, Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы ұйымдастырды.

Акция аясында музей қызметкерлері мен олардың отбасылары лагерьде тұтқында болған әйелдердің өмірін көрсетті. Келушілер сезіну үшін тұтқын нәзік жандылар мен балалар тартқан азапты жеткізуге тырысты. Қонақтар назарына «АЛЖИР-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі ұсынылды. Фильмде сол жылдардағы оқиғалар суреттеледі. Тұтқын-әйелдер мен олардың балалары қандай азапты бастарынан кешкендерін айтады. Ақмола тұрғындары мен қала қонақтарына тегін экскурсия жасалды.

«Шараны өткізуде Ақмола облысы мен Астана тұрғындары Қазақстанның мәдени мұраларын кеңінен білсін деген мақсат болды. Бұл жерде бүкіл Кеңес Одағынан 62 ұлт әйелдері бас бостандығынан айырылып, күндерін өткізді. Бұл орынның ерекшелігі сонда, дәл осы жерде Отанын сатты деп айыпталғандардың әйелдері алғаш қамауға әкелінді, - дейді «АЛЖИР» мұражайының директоры Мейірбай Оралов.

Саяси қуғын-сүргін мен тоталитаризм құрбандарының «Алжир» мұражай-мемориалдық кешені 2007 жылдың 31 мамырында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтің бастамасымен ашылған болатын. Кешенді бұрынғы Отанын сатқандардың әйелдеріне арналған Ақмола лагері аумағына, Ақмол ауылында тұрғызды.

18 мыңнан астам әйел ГУЛАГ легерлері арқылы кезеңмен өткен. Оларды әрдайым бір түрмеден бір түрмеге ауыстырып отырған. 8 мыңнан астам нәзік жанды АЛЖИР-де басынан соңына дейін болған.

Басым бөлігі Кеңес аумағына есімдері белгілі саяси, мемлекеттік, және қоғамдық қайраткерлердің әйелдері. Атап айтар болсақ, Азиза Рысқұлова және оның анасы Арифа Есенғұлова, Дәмеш Жүрненева, Рәбиға Асфендиярова, әнші Лидия Русланова, Болат Окуджав пен Мая Плисецкаяның аналары, жазушы Галина Серебрякова және басқалары. Барлық әйелдердің есімдері мұражайдың естелік қабырғасында қашалып жазылған. 

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.