Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

19.05.2017, 10:00 Баспасөз орталығы / Жаңалықтар
Астананың урбанистика орталығы тұрғындарға жаяу серуендеу ұйымдастырды

 «Мегаполис қозғалу үшін – ол үшін жүру керек», – осындай ұранмен Астана

қаласының урбанистика орталығы тұрғындар қала өмірін зерттеп, танысу үшін жаяу жүрудің пайдасын насихаттау және елорданың жаяу жүргіншілеріне арналған ифрақұрылымды дамыту үшін жаяу серуендеу-лекциясын ұйымдастырды.

Жаяу жүруге келіскендер екі бағытты таңдау керек болды: Назарбаев университеті – Триатлон парк және Хореография ұлттық академиясы – Астана саябағы.

Ұйымдастырушылар тұрғындар мен қала қонақтары шаһардың қоршаған ортасын жақсартуға құлшыныс танытып отыр. Сондықтан, орталықтың бастамасын қызу қолдап шараға белсенді қатысқандар аз болмады.

Мұндай шаралардың негізгі мақсаты - жаяу жүруді насихаттау және қала тұрғындарының көңіл-күйін анықтау, жол кептелісі мәселесін жою. «Стрелка» консалтингтік бюросының серіктесі, урбанистика жоғары мектебінің профессоры Григорий Ревзин: «Мегаполис қозғалу үшін – ол үшін жүру керек», - дейді.Ұйымдастырушылар осындай жаяу жүру шаралары барысында айтылған қала тұрғындарының пікірлері зерттеу жүргізуге негіз болатынын айтады.

Урбанистика орталығының болашақтағы жоспарлары да айқын: жаяу жолдарды зерттеу, шағын және орта бизнестің коммерциялық қызметіне қолдау, қоғамдық көліктердегі бос орындар мәселесі, қоғамдық көліктерге арналған орындарды көбейту және қалада қолайлы орта қалыптастыруды зерттеу негізінде методикалық ұсыныстар әзірлеу.

Жүргізілген жұмыстардың соңында орталықтың өкілдері тұрғындардың әрбір тілек-ұсыныстарын тыңдады. Ұйымдастырушылар мұндай шараны алдағы уақытта Есілдің қос жағалауында қатар өткізетіндерін мәлімдеді. Өйткені, қаланың ахуалын зерттеу орталықтың негізгі мақсаттарыныңбірі.

Жүргізілген талдау нәтижесінде шараға қатысқандардың көбі бірінші қабаттағы коммерциялық сапалы нысандарды, сәулетті құрылыстар, коғамдық көліктердің  қызметі, инфрақұрылымдардың сапасы және қаладағы қызметтердің өзара қабысуына көңілдері толатындарын жеткізді. 

Сонымен қатар, тұрғындар бірқатар кемшіліктердіде айтты. Олардың ойынша кейбір ғимараттардағы ернеулерге мініп-түсудің қиыншылық туғызады, бұл әсіресе мүмкіндігі шектеулі жандар мен велосипед жүргізушілеріне және бесік арбадағы ана мен балаға кедергі. Бұдан бөлек, 100 децибелге дейін жететін жерлердегі айқай-шудың тым қаттылығы, тұрақтардың көптігі және жаяу жүргіншілерге арналған жолдардағы түсінбеушіліктерді тілге тиек етті.
Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.