Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

19.05.2017, 10:29 Баспасөз орталығы / Жаңалықтар
Суда шомылу маусымы қарсаңында Астанада ТЖ алдын алу шаралары жүргізілуде

 Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті орта мектеп мұғалімдері, оның ішінде түрлі санаттағы тұрғындар арасында тұрақты негізде оқыту жүргізіледі. Мәселен, жыл басынан бері Департаментте «Мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту» және «Барлық типтегі жалпы білім беру мектептері мен орта кәсіптік білім беру мекемелерінің оқытушылары» санаттары бойынша колледж және орта білім беру мектептерінен 73 оқытушысы оқытылды.

Аталған курстар шеңберінде түрлі сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде, оның ішінде су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау жеткізілді.

Судағы жазатайым оқиғалардың негізгі себептері - мас күйінде шомылу, демалыс уақытында балаларды қараусыз қалдыру, қауіпті және тыйым салынған жерлерде шомылу, қоршаудан асып жүзу және т.б. жағдайлар.

Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындары мен қонақтарына алдағы суға шомылу маусымы кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды, қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамаудың салдары қайғылы оқиғаларға ұшыратуы мүмкін! Әркімнің қауіпсіздігі - ең біріншіден өзіне байланысты.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.