Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

19.05.2017, 14:09 Жаңалықтар / Құқық тәртібі
Астанада «Жолда қабылдау» акциясы жүргізілуде

Астанада «Жолда қабылдау» дәстүрлі республикалық акциясы өтті. Тұрғындарды қабылдау «Жастар» сарайының көлік қоятын орында, «Қазақстан» СК, «Думан» ОСО, вокзал аумағында және Астана қаласының мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында, «Шеп» бекеттерінде ұйымдастырылды. Акция 2009 жылдан бері жылына 2 рет өткізіліп келеді.

Тұрғындар сұрақтарына Астана қаласы ІІД ЖПҚ қызметкерлері, Астана қаласы ІІД әкімшілік полициясы басқармасының мамандары және «Нұр Отан» партиясының өкілдері жауап берді. Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамдық және жол қауіпсіздігін сақтау бойынша ақпараттандыру, қоғамда ұсақ құқық бұзушылыққа қатысты «нөлдік төзімділік» қалыптастыру болып табылады.

«Акция елорда тұрғындарының полиция қызметіне қатысты ой-пікірін білу үшін өткізіледі. Біз астаналықтар қандай болмасын жағдайда не істеу керектігін білсін деген ниетпен құқықтық база қалыптастырғымыз келеді. Сонымен қатар, біз 6 көшпелі бекетте тұрғындар мен қонақтар полиция қызметіне қандай баға беретінін, қоғамдық қауіпсіздікті қалай қорғайтынын, жолдарда тәртіпті қаншалықты сапалы орнататынын анықтау үшін анонимді сауалнама жүргіземіз. Қатысушылар Астана полициясы қызметін жақсарту бойынша өз өтінініш-тілектерін жеткізе алады», - дейді Астана қаласы жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары, подполковник Арман Айтыбеков.

Көбіне қиылыстар мен жаяу жүргіншілер жолдарына қатысты шағымдар түседі екен. Полицейлердің дөрекілігі мен мәдениетсіздігіне азаматтар шағымданып жатады. Мұндай қызметкерлерге қатысты қызметтік зерттеу жүргізіледі, егер факт дәлелденсе, онда кінәлі полицейлерге қатысты тәртіптік жаза қолданылады. Жыл басынан бері жергілікті полиция қызметіне осындай мазмұндағы 43 өтініш келіп түскен, оның 4-і дәлелденген. Ал, өткен жылы 170-ке жуық өтініш тіркелген.
Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.