Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

19.05.2017, 16:15 Жаңалықтар / Мерейлі отбасы
Астанада 26 мамыр «Мерейлі отбасы-2017» ұлттық байқауының қалалық кезең жеңімпаздары марапатталады

Астана қаласының әкімдігі байқауға қатысушылардан 1 сәуірден 30-ы аралығында өтініштер қабылдады. 26 мамыр сағат 15:00-де Конгресс-Холлда Астана концерт залында қалалық кезеңнің жеңімпаздары марапатталады. Марапаттау салтанатында қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді. Тұрғындар мен қала қонақтары шараны тегін тамашалай алады.

«Мерейлі отбасы» конкурсы үш кезең бойынша өтеді – аудандық (қалалық), екінші - облыстық, үшінші кезең – республикалық.

Мақсаты - отбасы институтын, адамгершілік, рухани құндылықтарды дамыту, жанұядағы жауапкершілік маңыздылығын насихаттау. Биыл шара үшінші рет өтеді. Байқау жыл сайын мемлекет басшысының 2013 жылғы 6 желтоқсанындағы № 250 үкіміне сай ұйымдастырылады.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.