Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

19.05.2017, 16:35 Баспасөз орталығы / Жаңалықтар
Астана қаласының әкімдігінде кадрлық ауыс-түйістер

Астана қаласы әкімінің өкімімен қалалық денсаулық сақтау басқармасы  басшысының міндетін атқарушы болып Қамалжан Надыров тағайындалды.

 Қамалжан Надыров - С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің түлегі (2000-2006), «Тұран» университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған (2006-2009), қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің магистратурасында «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығын оқыды.

 Еңбек жолы 2007 жылы Б.У.Джарбусынов атындағы урология ғылыми орталығында басталып, клиникалық ординатор қызметінен бас директордың әкімшілік-экономикалық мәселер жөніндегі орынбасарлығына дейін көтерілді. 2014-2015 жылдар аралығында ҚР денсаулық сақтау министрлігінде түрлі қызметтерді атқарды. Жаңа лауазымдық қызметке дейін «University Medical Center» республикалық диагностикалық орталыққа жетекшілік етті.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.