Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

19.05.2017, 17:21 Жаңалықтар / Білім
Астанада мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған олимпиада қортындыланды

«Астана дарыны»өңірлік ғылыми – практикалық орталығында мектепке дейінгі жастағы балалар арасында XІ «Жұлдызды жол»қалалық интеллектуалдық олимпиадасы өтті.

Мамыр айының 18 күні №79 «Шабыт» балабақшасында ұйымдастырылды. Оған Астана қаласының мектепке дейінгі білім беретін 76 мекемесінен мемлекеттік тілде тәрбие алатын 76 бала қатысты.

Ал, бүгін №53 «Мерей» балабақшасында орыс тілінде тәрбиеленіп, оқып жатқан мектеп жасына дейінгі балалардыңарасындасайыс өтті. Олимпиадаға Астана қаласының 44 мектепке дейінгі білім беру мекемелерінен барлығы 44 тәрбиеленуші қатысты.

Шараның мақсаты - мектепке дейінгі ұйымдарының білім рейтингін көтеру, балаларды мектепке дайындау жоспары аясында, олардың шығармашылық қабілетін және интеллектуалды іс-әрекетке қызығушылығын дамыту мен анықтау, дейді ұйымдастырушылар.

Қатысушы ересек топтар бағдарламасы бойынша «Жұлдызды бекеттерге» тоқтап, тапсырмаларды орындады: «көгілдір жұлдыз»- қазақ тілі (тіл дамыту); «сары жұлдыз» - сауат ашу; «қызыл жұлдыз»- математика және логика; «жасыл жұлдыз»- айналадағы қоршаған ортамен таныстыру.


Әр «жұлдызды бекетте» өз бетімен орындау үшін 3 тапсырмадан беріледі. Әр тапсырма 5 баллмен бағаланды. Сонда 4 пән бекеттері бойынша жалпы ұпай саны - 60. Алған ұпай көрсеткішімен жеңімпаздар анықталды.

18 мамырда өткен олимпиадада бас жүлде №10 «Бөбек» б/б, І-орынды №63 «Әсем-Ай», №79 «Шабыт», №90 «Еркежан» б/б өзара бөлісті.Ал бүгінгі олимпиада бойынша бас жүлде– №20 «Арайлым» б/б бұйырсаІ орын – 3 білім мекемесіне- №46 ББК, №53 «Мерей», №64 «Асыл бөбек» 

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.