Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

19.05.2017, 19:33 Жаңалықтар / Мәдениет
Астаналық циркта тұңғыш рет«10 арыстан мен Мысыр ханзадасы» аттракционы өтеді

Мамырдың 20-сы мен маусымның 18-і аралығында астаналық цирк аренасында Мысырдың еңбек сіңірген артисі Хамада Кутаның жетекшілігімен аңызға айналған «10 арыстан мен Мысыр ханзадасы» аттракционы көпшілік назарына ұсынылады. Қойылым сенбі және жексенбі күндері сағат 16:00-де өтеді.

Хамада алғаш рет торға 2 жасында кірген, ал аң үйретуді 7 жасында бастаған. Бүгінде ол әлемде ешкімнің қолынан келмейтін бірегей трюктерді орындайды. Мысалы, «Күн» аттракционы, арыстандар орындыққа сүйеніп, екі аяқпен айналып жүреді. Хамады Кута цирк династиясына 169 жыл. Бұл өнерге алғаш болып әжесі Mahasen El Helow келген, ол араб елдерінде аң үйреткен тұңғыш әйел.

Сонымен қатар, бағдарлама аясында әуе гимнасттары, жонглерлар, акробаттар мен көңілді сайқымазақтар өз көрермендерін қуантпақ. Көпшілік назарына Александр Логиновтың жетекшілігімен баурап аларлық «Экстрим шары» номері ұсынылады.

Бұдан басқа, бағдарламада Ресей мен Еуропа фестивальдерінің алтын жүлде иегерлері, Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген бірегей трюктің жалғыз орындаушы Вернадский даңғылындағы Үлкен Мәскеу циркінің артистері өнер көрсетеді. Сондай-ақ, қонақтар акробатикалық трюктер мен ерекше заттармен жонглерлеудің симбиозын – кәсіпқой цирк артистері, халықаралық фестивальдер мен еуропалық жоғары наградалардың иегерлері Иван және Татьяна Романовтардың орындауындағы диаболомен Love story-акробаттарының өнерін тамашалайды. Мұнымен қоса, көрермендер алдында әуе гимнасттары өнер көрсетеді: олар тәуекелге бел буып, ешқандай сақтандырусыз цирк күмбезінің астында 10 метрден артық биіктікте күрделі трюктерді орындайды. 

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.