Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

16.06.2017, 17:41 Жаңалықтар / ҚР Президентінің жолдауы
Астанада этносаралық келісімді сақтауда ардагерлердің рөлі талқыланды

Бүгін «Есіл» ауданы әкімінің аппаратында аға буын өкілдерінің қатысуымен «Қоғамда этносаралық келісімді, төзімділікті, тұрақтылықты сақтауда ардагерлердің рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. 

Шараны республикалық «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестіктерінің қалалық және аудандық филиалдары ұйымдастырды.

Дөңгелек үстелде Астана қаласының ардагерлері кеңесінің төрағасы С.С.Есілов, құрметті қонақ А.Х.Сыздықов, «Вайнах» шешен-ингуш этно-мәдени бірлестігінің төрағасы С.С.Героев, «Есіл» ауданы ардагерлері кеңесінің төрағасы Р.Т.Атыгева және «Есіл» ауданы әкімінің орынбасары А.Т.Елімсарина сөз сөйлеп, тараптар рухани құндылықтарға, ұлттық дәстүрлерге, этносаралық келісімді сақтауға қатысты бірқатар мәселелерді талқылады.

Шара аясында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, Астананың этно-мәдени бірлестік өкілдері өнер көрсетті. Ересектер мен балалар ансамбльдері мың бұрала би билеп, тамылжыта ән шырқады.

Бүгінгі таңда «Есіл» ауданының ардагерлер кеңесінде 14,5 мың зейнеткер тіркелген. Оларға қолдау көрсету, назар аударып, қамқорлық таныту ардагерлер қозғалысының басты міндеті болып табылады. 

Бұл бағыттағы жұмыстарды жүргізуге бастауыш ардагерлер ұйымы көмектеседі. Олардың саны ауданда 100-ге жуық. Осы күштің арқасында мерекелік күндері аға буынға арнап түрлі шаралар өткізіледі.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.