Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

19.06.2017, 10:39 Жаңалықтар / ЭКСПО-2017
Елорданың ахуал орталығына бір аптаның ішінде 500 өтінім келіп түсті

Астана қаласы әкімдігінің бастамасымен 12-маусымнан бастап қала тұрғындары мен қонақтарының кез-келген өзекті мәселесіне шұғыл көмек беруге бағытталған қалалық ахуал орталығы қызметін бастады. 

Ахуал орталығы - ІІД-нің басты жедел орталығымен, қалалық қызметтер, құрылымдық бөлімшелер және ведомствалар, шұғыл әрекет ететін қызметтермен бірігіп жұмыс істейді. Жыл аяғына дейін қала бойынша полиция қызметкерлері мен қалалық қызметтерге арналған 10 мың бейнебақылау камерасы орнатылады.

 Бір аптаның ішінде ахуал орталығына қала тұрғындары мен қонақтарынан 500 өтінім келіп түскен. Жүргізілген мониторинг бойынша азаматтардың басым бөлігі қалалық басқарма, ведомствалардың құзыретіне қатысты желілік мәселелер бойынша хабарласқан. Нақтырақ айтсақ, автомобиль жолдары, коммуналды шаруашылық, энергетика, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, жолаушылар көлігі.

Сонымен қатар «Сарыарқа», «Алматы» және «Есіл» аудандарының әкім аппараттарына азаматтардан 157 өтініш келіп түсті.

Жедел желі телефондарына амбулаторлық емдеу бойынша шетелдік туристер де хабарласқан.

Елордалық әкімдіктің барлық ведомствасы келіп түскен өтініштердің әрқайсымен тыңғылықты жұмыс істейді.

Сонымен қатар, аталған уақытта туристік Call-орталыққа шетелдік меймандар мен туристерден 90 қоңырау келіп түскен. Сауалдардың басым бөлігі орыс тілінде және шет тілдерінде. Онда билеттерді сатып алу, шетелдіктерді тіркеу, автобустардың бағыты, конференциялар туралы ақпараттар, Елорда қонақүйлеріндегі нөмірлерді брондау сынды «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысты сұрақтар жиі қойылды.

12-17 маусым аралығында Shuttle Bus бағытындағы көліктермен 3 800 жолаушы тасымалданды. ЭКСПО көрмесіне тапсырыс беру автобустары бойынша осы аралықта 9400 адам қатынады.

Өткен аптада қала еріктілері 17 мемлекеттік мекемеде жұмыс атқарды.  436 ерікті режимді және режимді емес нысандарда кезекшілікпен жұмыс жасады. Бір апта бұрын жүргізілген жұмыс барысында төтенше жағдайлар анықталған жоқ. Еріктілерге келіп түскен өтініштердің басым бөлігі Астана қаласының қонақтары тарапынан болды. Шет мемлекеттерден және аймақтардан келген меймандардың барлық өтініш-тілектері еріктілердің назарынан тыс қалмайды. Төменде көрсетілген кестеде мемлекеттік мекемелердің атауы мен оларда еңбек етіп жатқан еріктілердің саны көрсетілді.

Сондай-ақ, 2017 жылдың 17-18 маусым күндері «Қазақстан» спорт кешенінің аумағында Алматы және Ақтөбе облыстарының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен жәрмеңке өткізілді. 

Ауылшаруашылық жәрмеңкесіне екі облыстың 151 шаруасы қатысып, оған 5000-нан астам адам келген және 1500 тонна өнім саудаланған.Өңірлік жәрмеңкеде сатылатын өнімдердің ассортименті кең: көкөніс, ет, сүт, балық, шұжық өнімдері, сұйық май т.б. көптеген тауарлар. Аталған облыстардың ауылшаруашылық тауар өндірушілері жалпы 3 мыңнан астам өнім көлемін саудалауды жоспарлаған. Жәрмеңкеде әлеуметтік маңызды тауарлардың бөлшек сауда бағасы базармен салыстырғанда 10-15 пайызға арзан.

12-18 маусым аралығындаЭКСПО-2017 мамандандырылған халықаралық көрмесі аясында қалада 56 шара өткізілді. Оларға қатысқан көрермендер саны 144 693 адам. Оның ішінде ашық алаңдарда – 115 000 адам, жабық алаңдарда – 29 493 адам мерекелік шараларды тамашалаған.

Ең жарқын шаралардың бірі – Әзірбайжан Мәмбетовтің 85 жылдығына арналған V халықаралық «Сахнадан сәлем» театр фестивалі болды. Биыл 3 893 көрермен айшықты оқиғаның куәгері болды. Бұқаралық халықтық демалу шаралары ұйымдастырылды.

 Қалалық ахуал орталығының байланысы:109

Еріктілер қызмет көрсететін нысандар тізімі төменде көрсетілген:


Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.