Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

23.08.2017, 21:50 Баспасөз орталығы / Жаңалықтар
Астана әкімдігі ЭКСПО кезінде жер, сәулет-құрылыс жұмыстарын жүргізу мәселелерін түсіндірді

Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылдың 31 мамырындағы № 120-1090 «Астана қаласында халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 өткізу кезінде жер, сәулет-құрылыс жұмыстарын жүргізуге қатысты бірқатар мәселелері туралы» Қаулысы қабылданғаннан бері тұрғындардан қала әкімдігіне әртүрлі өтініштер түсе бастады. 

Әлеуметтік желілерді пайдаланушылар арасында да әрқилы пікірлер қалыптасты.

Қаулыны қолдану сұрақтары бойынша заңды және жеке тұлғалардан келіп түскен өтініштерге елорда әкімдігі қала кәсіпорны, ұйымдары және жеке тұлғалар нысан құрылысы мақсатында құрылыс-монтаж жұмыстарын белгіленген жер участкесі шекарасында жүргізе алатыны түсіндіруде.

Аталған Қаулының талабы жер жұмыстарын жүргізуге, инженерлік желіні тартуға және қала аумағында құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге қолданылады.

Шектеу апаттық және жөндеу жұмыстарына қолданылмайды. Сондай-ақ 2017 жылдың 10 қыркүйегіне дейін пайдалануға берілетін нысандарға таралмайды. Жұмыстар пайдаланатын мекемлердің өкілінің қатысуымен және бақылуымен жүргізілуі тиіс дейді қала басшылығы. 

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.