Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

19.06.2017, 16:23 Жаңалықтар / ЭКСПО-2017
Астананың әкімі Оулу қаласының басшылығымен кездесті

Әсет Исекешев Финляндияның ішкі сауда және даму министрі Кай Мюккяненмен және Оулу қаласының мэрі Пяйви Лааяламен кездесті.

Жүздесу барысында тараптар Астананың және Оулудің smart-city жобаларын таныстырды.

Естеріңізге саламыз, 2013 жылы әріптестік жөнінде екі дос қаласының келісім жасау рәсімі жоғары деңгейде өткен болатын.

- Мен бүгін осы жерде болғаныма шын қуаныштымын. Біз бұл павильонның ашылуын тағатсыз күттік. Себебі Финляндиыя өзінің инновациялық дамуымен белгілі. Оулу – бұл танымал smart-city, сондықтан технологиялық жаңғыру кезеңі алдында тұрған Қазақстан үшін бұл маңызды. Сондай-ақ ақылды қала даму стратегиясын таңдаған Астана үшін аса қажет. Біз қазір қала шаруашылығына көмектесетін барлық технологияларға үлкен қызығушылық танытудамыз. Бұл жерде жол құрылысы, ғимараттар құрылысы кезінде қолданылатын энерготиімді материалдар, суды тазалау, білім және денсаулық салаларына қатысты жаңашылдықтар. Бір сөзбен айтқанда, адамдар мен тұрғындарға қатысты барлық сұрақтар. Сондықтан біздің басқармалар мен кәсіпкерлер барлық технологияларды қолдану үшін барынша зерттейтініне сенімдімін, - деді Әсет Исекешев.

Өз кезегінде Кай Мюккянен Қазақстан мен Финляндия өзара қарым-қатынастарын үш негізгі бағытта дамыта алатынын айтты. Ол: су ресурстары, энергия және білім.

Кездесуді Оулу қаласының «Бизнес Оулу» аймақтық экономикалық даму орталығы Астана қаласындағы финдік бизнес хабтың қолдауымен өткізді.

Шараға елорданың бизнес қауымдастығының өкілдері қатысты. Финдік жетекші компаниялар қазақстандық нарыққа не ұсына алатындары жөнінде айтты. Оның ішінде "Flexbright" жаңа ұрпақтың жарықдиодты шешімдерін шығару және лицензиялау бойынша финдік жоғары технологиялық компаниясы, қатты ағаштардан шағын модульді үйлер жасау "Mamuttitalo" компаниясы,баспа электроникасын және оптикалық өзгерістер қорытындысын коммерциализациялау бойынша инновациялық "VTT PrintoCent" орталық зерттеу және тағы да басқалары бар.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.