Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

19.06.2017, 17:25 Жаңалықтар / Көлік және автожол
Астанада қалалық такси қызметінің тұрақтары пайда болады

Қазақстан астанасында ресми таксилер қызметі үшін преференциялар құрылып жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Жергілікті басшылық «Astana Taxi» көліктері үшін саяжай, театрлар, ірі ОСО, жаңа темір жол вокзалы алдында басым орындар жетімді болу үшін мәселе шешіліп жатыр, деп хабарлады Астана әкімдігінің медиа орталық тілшісіне Астана қаласы көлік ассоциациясының төрағасы Медет Құрманов.

- Қазір қалалық такси тұрақтар жүйесін құру мүмкіндігі қарастырылуда. Бұл қала тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болар еді. Мысалы, сауда үйінен шығып, жақын маңдағы тұрақта тұрған такси қызметін пайдалануға болады, - дейді М.Құрманов.

Ассоциация төрағасының айтуынша,қазіргі таңда Астанада мұндай такси тұрақтары қырықтан аспайды. Алайда қала қажеттілігі 1,5 мың орындық осындай 300-350 тұрақты қажет етеді.

М.Құрмановтың сөзінше, бүгінде ресми таксилер қызметі үшінпреференциялар құру қажет. 

- Қалалық такси қызметі көліктерінің елорда нарығының 15 пайызын құрайды, ал қалғандары жасырын секторда жұмыс жасайды. Астанада тасымалдау қызметін дамыту шарасы ретінде қала такси көліктерінің Bus Lane бөлінген жолдармен жүруге құқық алуы болды. Бұл көлікті тапсырыс берушіге жеткізу уақытын және жолаушының жүру уақытын айтарлықтай қысқартты, - дейді М.Құрманов.

Бұдан бөлек, «Аstana taxi» жобасын жүзеге асыру аясында қалалық такси көліктеріне әуежай алдындағы бірінші сызыққа келуге рұқсат берілді.

- Біздің жолаушылар бұл ыңғайлылықты сезінді. Адамдар әуежайдан шығысымен ресми тасымалдаушы такси қызметін пайдалана алады, - деп толықтырды М.Құрманов.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.