Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

19.06.2017, 17:36 Жаңалықтар / ЭКСПО-2017
Shuttle Bus қозғалысын мобильдік қосымшада қадағалауға болады

ЭКСПО кешенінде қатынайтын Shuttle Bus арнайы автобустарының қозғалыстарын Astra Bus мобильдік қосымшасы арқылы бақылауға болады, деп хабарлады елорда әкімдігінің медиа орталығына «Астана LRT» жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы Бейбіт Есжанов.

-Бір ай ішінде сұрақ шешіледі. Бұл бағытта белгілі техникалық жұмыстар жүргізілуде. Сол себепті бір айда мәселені шешеміз және қала тұрғындары мен қонақтары Shuttle Bus арнайы автобустарының қозғалыстарын Astra Bus мобильдік қосымшасынан көре алады. Қазіргі уақытта қосымшаны үш жүз мыңнан астам қолданушы жүктеп алған. Біз оны әрқашан дамытып отырамыз, сервисті қолайлы етеміз, - деді Б.Есжанов.

Қазіргі уақытта Shuttle Bus маршруттарының жүктемесі 20 пайыздан астам. Уақыт өте келе көбейеді, - дейді Б.Есжанов.

ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу кезінде Астанада 7 «Shuttle Bus» маршруттары іске қосылған болатын, интервалы 5-7 минут.

Shuttle Busтің он аялдамасы бар. Жолақы құны – 150 теңге.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.