Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

19.06.2017, 18:54 Баспасөз орталығы / Жаңалықтар
Астанада Ақмола облысының күндері өтеді

2017 жылғы маусымның 20-25 аралығында Астана қаласында Халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесіне арналған Ақмола облысының Мәдениет күндері өтеді.

Мәдениет күндерінің аясында Ақмола облысы филармониясының кәсіби ұжымдарының, облыстың ең үздік шығармашылық көркемөнерпаз ұжымдарының гала-концерттерін, кескіндеме суреттерінің, халық шығармашылық сәндік-қолданбалы өнер шеберлері жұмыстарының көрме-сатылымдарын, қазақ халқының ұлттық дәстүрлерін көрсететін этноауылдағы театрландырылған мәдени-көпшілік іс-шаралар мен ұлттық спорт ойындарын тамашалауды ұсынамыз.   

Бағдарламаға аясында:

-  Ақмола облысы шығармашылық ұжымдарының «Арқаның кербез сұлу Көкшетауы» атты гала-концерті  (Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесінің амфитеатры, 20 маусым, сағ. 21.00 – 22.10)

- Ақмола облысы Мәдениет күндерінің салтанатты ашылуы (Астана қ. әкімдігінің алдындағы алаң, 21 маусым, сағ. 19.00-21.00)

-   «Ақмола жұлдыздары» атты гала-концерт, суретшілер мен қолөнер шеберлерінің көрмесі, «2017.EXPO.АКМОLA» әдеби саябақ («Отан қорғаушылар» монументі алдындағы «Парус» сахнасы, 23 маусым, 11.00-17.00);

-  ЭТНОАУЫЛДАҒЫ театрландырылған мәдени-көпшілік іс-шараларда Көкшетау қ., Бурабай, Шортанды, Қорғалжын аудандарының көркемдік шеберханаларының шеберлері, шебер-класс көрсетумен «Блэк» ЖШС ұлттық нақыштағы табиғи заттардан жасалған жұмыстарын көрсетеді.  («Қазанат» ипподромы, 22-25 шілде, 11.00-20.00);

-  Облыстық шығармашылық ұжымдарының «Дала сыры» атты концерті («Қазанат» ипподромы, 22 маусым сағ. 11.00 – 20.00);

-  М.Шахановтың повесі бойынша облыстық орыс драма театрының «Шыңғысхан» рок-операсы (этноауыл амфитеатры, 23 маусым сағ.12.00-13.20 )

-  Ш.Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының «Көкше әуендері» атты концерттік бағдарламасы (этноауыл амфитеатры, 24 маусым сағ.18.00-20.00)

-  Ш.Құсайыновтың «Анамның ақ көйлегі» драмасы, Ш.Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театры («Жастар» сарайы, 23 маусым, сағ. 19.00);

-  «Бременские музыканты» балалар қойылымы, облыстық орыс драма театры (М.Горький атындағы орыс драма театры, 21-25 маусым, сағ. 1100);

-  А.Островскийдің «Бесприданница» караоке – мелодрамасы, облыстық орыс драма театры (М.Горький атындағы орыс драма театры, 22 маусым, сағ. 19.00);

-  М.Әуезовтің «Қарагөз» трагедиясы, облыстық орыс драма театры (М.Горький атындағы орыс драма театры, 23 маусым, сағ. 19.00);

-  П.Морозованың музыкалық феериясы бойынша «Алые паруса» қойылымы, облыстық орыс драма театры (М.Горький атындағы орыс драма театры, 24 маусым, сағ. 19.00);

-  Е.Шварцтың «Дракон» трагифарсы, облыстық орыс драма театры (М.Горький атындағы орыс драмтеатры, 25 маусым, сағ. 19.00) 

Елорда қонақтары мен тұрғындарын шақырамыз!

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.