Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

17.07.2017, 10:45 Баспасөз орталығы / Жаңалықтар
Астанада бірінші Startup Weekend өтті

Өткен демалыс күндері елордада Астана қаласы әкімдігінің ауқымды «Astana Innovations Challenge» стартап-марафоны аясында үшкүндік Startup Weekend болып өтті.

Стартап-командалар өз шешімдерін Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевке таныстырды. Іс-шараның қорытындысы бойынша ең перспективалы деген 3 стартап-жоба анықталып, олар өзара 500 000 теңге жүлде қорын бөлісті. Сонымен қатар жеңімпаз-командалар MOST бизнес-инкубаторы негізінде қарқынды акселерация бағдарламасынан өту, жобаны бизнес-жебеушілер қауымдастығы мүшелері алдында таныстыру, қаржыландыруды алғанға дейін жобаның сүйемелденуі және жобаларды елордада енгізу мүмкіндігін алды.

Startup Weekend-ке 200-ден астам адам қатысты. Сарапшылар және Әкімдік басшылығы, тәжірибелі кәсіпкерлер, инвесторлар, стартапшылар мен көрермендер коммуналдық шаруашылық, көлік және қала экологиясы саласында инновациялық шешімдер жасап шығару үшін Forte Bank бас кеңсесінің алаңына жиналды. Startup Weekend қатысушыларын инновацияларға деген талпыныс, креативті ойлау мен мақсатқа ұмтылғыштық біріктіреді. Іс-шараны Астана қаласы әкімдігі атынан «Астана Innovations» АҚ MOST бизнес-инкубаторымен бірлесе отырып, «Шеврон» компаниясының қолдауымен ұйымдастырды.

Аталмыш іс-шараның сарапшылар алқасының құрамына қалалық әкімдік басқармаларының басшылары, жетекші ғылыми ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ сарапшылар мен табысты кәсіпкерлер кірді.

Іс-шара аясында сарапшылар, тәжірибелі бизнесмендер өздерінің бизнес жүргізу бойынша тәжірибесімен бөлісті, ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге кеңес берді, табысқа жетудің кейбір құпияларын ашты. Бейресми іскери әңгіме барысында жоба әзірлеушілеріне өздерінің бизнес-идеяларының нақ бағасын алуға, әлеуетті әріптестердің көзіне түсуге және өз жобасының маңызды аспектілерін талқылауға мүмкіндік туды.

Менторлар арасында қаланың міндеттері мәселелері бойынша кеңес беруге арнайы белгіленген әкімдік басқармаларының мамандары болды.

Краш-тестілер уақытында командалар өз идеяларының өміршеңдігін сенімді түрде дәлелдеп, сарапшылар мен көрермендердің пікірлерін тыңдады.

Таныстырылым кезінде командалар өз идеял­арының өміршеңдігін сенімді дәлелдеді, сарапшылар мен көрерм­ендердің пікірлерін тыңдады. Бірінші оры­нды мемлекеттік бюдж­еттің электр энергия­сын төлеуге кететін шығыстарын азайту ту­ралы мәселені шешуге бағытталған "Дербес көше жарығы" жобасы­мен «Sun project» команд­асы иеленді. 2-ші орынға "Жаяу жүргін­шілер жолынан мұзды жылдам әрі ұқыпты ал­ып тастауға арналған жинақы механикаланд­ырылған құрылғы" жоб­асын таныстырған «Ice Killers» команд­асы ие болды. 3-ші орын "Қалдықтарды жин­ауды автоматтандыру жүйесі" жобасымен «Tazalyk» командасына берілді. 

Сонымен қатар Астана қаласының әкімі Ә.И­секешевтің бастамасы­мен ақылды үй, ПИК, агроөнеркәсіптік кеш­ен жүйелерін автомат­тандыру бойынша жоба­ларды іске асыратын "Бірегей басқару мод­улі" жобасын танысты­рған «DOUBLE BRO’S» коман­дасына арнайы жүлде беру туралы шешім қа­былданды.

Сондай-ақ, Астана қа­ласының әкімі  "Қа­зақстанның үшінші жа­ңғыруы: жаһандық бәс­екеге қабілеттілік" атты Мемлекет басшысы мақаласының іске ас­ырылуына ықпал ететін мұндай іс-шараларды өткізудің маңыздыл­ығын, сондай-ақ Қаза­қстанның инновациялық дамуындағы жас ұрп­ақтың белсенділігі жоғарылығын ерекше ат­ап өтті.

Инновациялар қаласы ретінде Астана пайымын іске асыру әкімдіктің үйлесімді іс-қимылдары мен бизнес және тұрғындардың белсене жұмылуын талап етеді. «Astana Innovations Challenge» негізгі мақсаты қаланың технологиялық міндеттеріне шешім іздеу арқылы дарынды жандарды қала өміріне жұмылдыру болып табылады. Жыл соңына дейін стартап-марафон шеңберінде екі хакатон және үш стартап уикенд өткізу жоспарланып отыр. «Astana Innovations Challenge» стартап-марафоны туралы толығырақ ақпарат http://astanaic.kz/сайтында және әлеуметтік желілерде қолжетімді.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.