Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

17.07.2017, 13:25 Жаңалықтар / Көлік және автожол
Республика даңғылында қозғалыс 20 шілдеде ашылады

Астана қаласының Автомобиль жолдары басқармасы   А. Иманов көшесінен Самал шағын ауданы аумағындағы транспорттық айрығыны дейінгі учаскедегі Республика даңғылы бойынша жөндеу жұмыстарын жалғастыруда.

Осыған байланысты, ағымдағы жылдың шілде айының 17-нен 19-на дейін көрсетілген учаскеде автокөліктердің қозғалысы жартылай жабылатын болады. Республика даңғылында қозғалыс 20 шілдеде ашылады.

Басқарма, елорда тұрғындары мен қонақтарынан кептеліс тудырмау үшін жол қозғалысы бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.


Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.