Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

17.07.2017, 15:00 Жаңалықтар / Мәдениет
Елордалық балалар ашық кеңістікте ептіліктерін көрсетті

Астананың WIP  алаңында «Жас шуақ» жазғы лагерінің балаларын қабылдау өтті.

«Жас шуақ» лагері «Самұрық-Қазына Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен «Замандас21» қоғамдық қорының жобасы. Жобаға бас-аяғы 38 бала қатысты.

Балалар сурет салу, ән айту, би билеу және интерактивті ойындар секілді түрлі белсенді қозғалыстарға қатысты.

Айта кетейік, "Ұлттық еріктілер желісі" ЗТБ атқарушы директоры Миронюк Татьяна шараның жетекшісі болып табылады.

Айта кеткен жөн, WIP алаңы елордалық урбанистика орталығы мен Астана Art Fest, сондай-ақ Астана Art fest коммуникативті әлеуметтік тәжірибелер үшін коворкинг, Есіл аудандық әкімдігінің қоғамдық тәжірибелік кеңістіктің бірлескен жобасы болып табылады.

Бүгінде елордалық урбанистика орталығы арнайы жобаланған және барлық қалалық бірлестіктер үшін салынған WIP алаңын қолдану үшін өтініштерді қабылдауды жалғастырады. 

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.