Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

17.07.2017, 16:54 Жаңалықтар / Көлік және автожол
Астана әкімдігі кейбір жерлерде жол белгілерін неліктен екі реттен салып жатқанын түсіндірді

Қалалық әкімдікте жаз басталғалы бері кейбір көшелерде  жол белгілерін неліктен екі реттен салып жатқаны туралы түсіндіріп берді. 

Мұның барлығы қауіпсіздік мақсатында жүзеге асырылуда, деп мәлімдеді медиа орталықтың тілшісіне берген сұхбатында автомобиль жолдары басқармасының өкілі.

Кейбір көшелерге орта деңгейдегі жөндеу керек. Сол себепті алдымен ол жерлерге уақытша жол белгілері салынады. Тек толық жөндеуден кейін жұмысшылар жолды үш компонентті жол пластикпен жабады.

«Оның ұзақ мерзімді болуы ҚР стандарттарына сәйкес 6 айды құрайды. Уақытша жол белгілерін біз көктем басталғанда, яғни климаттық жағдайларға сәйкес мүмкін болғанда саламыз. Ең бастысы бұл апатты жағдайды болдырмау үшін жасалады», - деді Астана қаласы автомобиль жолдары басқармасы бастығының орынбасарының м.а. Асқар Исаков.

Бүгінгі күні елорданың 100-ге жуық көшесіне шамамен 113 мың шаршы метр жол сызығы салынды. Салынған жол сызықтарының сапасын арнайы комиссия қадағалайды

Мердігерлердің бірі кепілдік міндеттемеге сәйкес, 4 мың шаршы метр белгіні қайта түзетті.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.