Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

17.07.2017, 17:24 Жаңалықтар / Құқық тәртібі
Астанада «Электронды хаттама» жобасы іске қосылды

Бас прокуратура және ҚР ІІМ қала әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылатын «Электронды хаттама» жобасын таныстырды.

Құқықтық статистика және арнайы есеп бойынша комитет электронды хаттама толтыру бойынша пилоттық жобаны іске қосуда. Оның мақсаты - әкімшілік өндірісін электронды форматқа көшіру.

«Әкімшілік өндірістердің бірыңғай реестрі» - бұл сандық ақпаратты – әкімшілік іс материалдарын сақтауға арналған, қағаз нұсқасын толығымен алмастырады және жоғары деңгейде қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Бұл орайда аталған жүйеде әкімшілікті құру бойынша функция болуы керек. Онда әкімшілік өндірісті қозғаудан бастап әкімшілік өндіріп алуды орындауға дейін, барлық салынған үкімнің шектеулерін алып тастау оның ішінде алынған куәләндірудің барлық мәліметтерін тіркеуге мүмкіндік беретін фото, аудио жазба, видеобейне, сонымен қатар өзге де файлдар мен бағдарламалық мәліметтер секілді ары қарайғы алгаритм болады.

Енді жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін хаттама толтыруға адамның ЖИН болса жеткілікті, қалғанын жүйе өзі шығарады. Жыл сайын елімізде 4 млн. жуық әкімшілік іс қозғалады. Олар бойынша хаттаманы 64 мемлекеттік орган жазады. Соттардан бөлек бұл істерді 50 өкілетті орган қарайды. Тиісінше бұл салаға барлық мемлекеттік ақпарат және еліміздің әрбір төртінші тұрғыны жұмылдырылған.

Анықтама үшін, 2016 жылы 64 млрд. теңгені құрайтын 3 млн. айыппұл жазылған. Бұл әкімшілік істердің 75%-ын құрайды.

-Менің ойымша, бұл Президенттің «Астана-ақылды қала» бағдарламасы бойынша тапсырмасына сай келеді. Көріп тұрғандарыңыздай, «Ақылды қала» бағдарламасы – бұл жайлылықты арттыратын, тұрғындардың қауіпсіздігі мен ашықтығын қамтамасыз ететін нақты жобалар. Сіздер көрген жоба бір реттік жәй жоба емес, бұл азаматтардың өмірін қауіпсіз әрі жайлы ететін бүтін бір жобалар кешенінің топтамасы. Біз айыппұлдарды төлеу және хаттамаларды толтыру барысында бюрократиялық процедуралар шетке ысырылып ашықтық артады және тұрғындарға аз қатынауға мүмкіндік жасалады деп сенеміз. Біз бас прокурормен және Ішкі істер министрімен көптеген әкімшілік өндірістерді бірнеше есеге қысқартып, тұрғындардың өмірін ыңғайлы ету бойынша талқыладық. Сондықтан біз бұл жобаны планшеттермен және термопринтерлермен толық қамтамасыз етеміз. Мен барлық әріптестерге әлі де көптеген мемлекеттік қызмет және мемлекеттік органдар мен тұрғындарды мазалайтын сұрақтардың жеткілікті екенін айтқым келеді. Сол себепті, біз құрылысқа рұқсаттама беру, жер қатынастары, ПИК пен тұрғандар қарым-қатынасы, білім, денсаулық сақтау салаларына қатысты 20 жобаны жүзеге асыруды көздейміз. Олардың барлығы мемлекеттік қызмет сапасын қамтамасыз етуге осы қызметтерге уақытты қысқартуға арналған, - деді әкім.

Салтанатты шарада Әсет Исекешев жол полициясы қызметкерлеріне планшеттерді сыйға тартты. Бүгінгі күнен бастап 50 планшет және 50 терминал жұмыс істейді. Елордалық полицейлер жұмысының толыққанды жұмыс істеуі үшін 283 планшет пен терминал қажет.

Жобаны республика көлемінде іске асыру үшін 2971 планшет қажет. Бұл міндет жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп шешіледі.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.