Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

17.07.2017, 18:15 Баспасөз орталығы / Жаңалықтар
"Астана" командасының бас жаттықтырушысы: "Менің тәрбиеленушілерім футболдан жақсы ойын көрсетулері керек".

18 шілдеде «Астана Арена» стадионында «Астана»- «Спартак» командалары арасында Чемпиондар лигасының жауапты матчы өтеді.

Бүгін астаналық футбол клубының бас жаттықтырушысы Станимир Стойлов журналистермен кездесіп, біздің сұрақтарымызға жауап берді.

-Станимир, команданың қазіргі жағдайы, дайындығы қандай деңгейде? Қайткенмен ойын өз елімізде өтеді ғой...

-7 күн ішінде үш ойын өтеді, олардың қорытындысы бойынша біздің күш-қайратымыз, жігеріміздің қаншалықты мықты екені анықталады. Қазіргі уақытта менің тәрбиеленушілерім жоғары деңгейде ойын көрсетулері тиіс, бұл өз кезегінде оңай емес, себебі қарсылас «Спартак» командасы да мықты. Бұл ойында 100 пайыздық тәртіп, зейін керек. Былайша айтқанда барынша тырысуымыз керек.

-Бұған дейін өткізілген матчта сіздер жеңіске жеттіңіздер. Дегенмен «0-1» есебімен қонақта өткізілген ойын әрдайым сенімсіз ойын деп есептелінетін көрінеді. Бұған не дейсіз?

-«Спартак» командасында футболды жақсы ойнайтын спортшылар аз емес, олар талай іріктеуден өткен, сыналған. Сондықтан біз бұл ойында қызықты тәсілдерді қолдануымыз керек. Қазір біздің басты міндетіміз- алға ұмтылу. Мен бұған дейін талай рет айтып келдім, еуропалық лигада әлсіз команда жоқ. Ертеңгі ойынға байланысты айтарым,өзіміздің елімізде өткізілетін ойында кем дегенде 1:0 есебімен ұтып, жеңіске жетсек деген ниет бар.  

-Неге?

-Кез-келген қақпашы допты өткізіп алуы мүмкін. Бұл ретте өзіне деген сенім, шеберлік керек. Әрине, экстра-тайм туралы, пенальти және жалпы ойын жайлы ойлаймыз. Менің спортшыларымның, тәрбиеленушілерімнің тәжірибесі ұшан теңіз. Қажет болса тағы да уақыт сұраймыз, пенальти соғамыз.

-Болжам бойынша, ертеңгі матчта «Астана» командасы жеңіске жетсе үшінші раундта финдық "Мариехам"  командасымен немесе польшалық «Леги» командасымен кездеседі. Сіздің болжамыңыз?

-Егерде ертең жеңіске жетсек, тура сол сәтте шешім қабылдайтын боламыз. Ертеңгі күнге жетіп алайық, дайындық керек, күш-жігер керек. Футболда бәрі де болуы мүмкін, жеңіс те жеңіліс те. Бұл ойын ғой. Кей кездері болжап, жоспарланған дүние орындалмай жатады. Сондықтан да ертеңгі ойынды өткізбей, келесі қарсыластарым туралы ойлағым келмейді.

-Ертеңгі қарсыластырыңыз туралы қандай ойдасыз? «Спартак» командасының жаттықтырушысы қызметінен кетуіне байланысты ойын қалай өрбуі мүмкін?

-Жаттықтырушы жақсы клубқа барып, жұмысқа тұрды дерлік, дегенмен бұл ойынға қалай әсер ететінін ешкім болжап айта алмайды. Жаттықтырушының командадан кеткені әрине жаман. Олар 6 ай бойы бірге жаттықты, алайда 2 күн ішінде қатты әсер ететін жағдай орын алып, командаға әсерін тигізеді деп ойлаймын.  Мүмкін бұл жағдай керісінше ойыншыларды қамшылап, жігерлендірер.

-Өзіңіздің командаңызда дайындық қалай? Алға ұмтылыс қаншалықты биік?

-Қазір ойыншыларды, құрамды ауыстырыратын себеп жоқ. Болашақта әрине бұл туралы ойлана жатармыз. Соңғы 2 жылда біз өзімізді жақсы қырымыздан көрсете бастадық. Ал футболда өзін жақсы қырынан көрсететіндер жеңіске жетеді емес пе?

-Команданың дайындығына көңіліңіз тола ма?

-Қазір біздің командамызда Ласло Кляйнхайслер және Марин Томасов есімді жаңа ойыншылар бар. Команданы мықты еткіміз келеді. Біздің клуб жақсы ойыншыларды табу үшін мақсатты жұмыс атқаруда, алайда футболда бос кәсіби ойыншыларды табу қиынның қиыны.  

-Естеріңізге салайық, «Астана»-«Спартак» матчы 18 шілдеде елордалық «Астана Арена» стадионында өтеді. Басталуы: 20.00.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.