Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

17.07.2017, 17:56 Жаңалықтар / ЭКСПО-2017
Грэпплингтен Азияның алғашқы чемпионаты Астанада өтеді

Грэпплинг сүйер қауым үшін айтулы шара 2-3 қыркүйек күндері елорданың «Дәулет» СК  өтеді, деп мәлімдеді медиа орталықтың тілшісіне берген сұхбатында Грэпплинг федерациясының президенті Қанат Алин.

Қазақстан  турнирді өткізу құқығына ие болу үшін іріктеуге қатысып, БАӘ мен Үндістан сынды елдерді басып озды.

«Халықаралық турнирді өткізу – біздің федерация үшін өте жауапты шараның бірі. Бүгінгі таңда грэпплинг көптеген елдерде кең танылған  жекпе-жек түрі. Грэпплинг – түрлі палуандар тәртібінің техникаларын біріктіретін  синтетикалық күрестің түрі», - деді Қ.Алин.

Бүгінгі таңда жарыстың ұйымдастырушылары  30 елдің спорт федерацияларымен келіссөздер жүргізілуде. Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Жапония, Үндістан, Пәкістан және тағы басқа елдер өздерінің қатысатынын растады. 

«Осы күні бізде Азияттық  ауқымдағы ең мықты команда бар. Алдағы чемпионатта құрама командалары жалпыкомандалық есепте бірінші орынды алуға атсалысатын болады», - деді Қ.Алин.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.