Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

10.08.2017, 20:11 Жаңалықтар / Сауда және қызмет көрсету
Астанада осы демалыста үш облыстың жәрмеңкесі өтеді

12-13 тамызда «Қазақстан» СК көлік тұрағы аумағында Атырау, Алматы және Қызылорда облыстарының жәрмеңкесі өтеді.

Жалпы 4300-ден астам тонна ауылшаруашылық өнімдері жеткізілмек, оның ішінде: күріш – 60 т, ет өнімдері – 4,5 т, сүт өнімдері – 1 мыңнан астам т, жеміс-көкөністі өнім – 3 мың тоннадан астам, картоп -167  т.

Облыстың 2 қаласы мен 15 ауданынан 30-ға жуық кәсіпорын азық-түлік өнімдерін ұсынады.

Сонымен қатар облыстардан келетін шығармашылық ұжымдар келушілер назарына концерттік бағдарлама ұсынады.  

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.