Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

12.08.2017, 07:00 Баспасөз орталығы / Жаңалықтар
Құрметті құрылыс саласының мамандары!

Сіздерді бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Астана – қысқа мерзімде бой көтерген, сәулеті мен дәулеті келіскен жасампаз шаһар. Ол өзінің сұлулығымен және қайнаған қызу тіршілігімен ерекше. Қысқа уақыт ішінде Бас қаламызда заманауи және ұлттық үлгіде сан мыңдаған ғимараттар салынды. Елордамыз Еуразияның шын мәніндегі жүрегіне айналды. Қалада бой көтерген көптеген ғимараттар тек Астананың емес, тұтас Қазақ елінің символына айналды. Бұл ретте, Елордамыздың өсіп-өркендеуіне құрылысшылар қауымының қосқан үлесі зор.

Сондықтан осынау маңызды кәсіп иелеріне зор денсаулық, ашық аспан тілеймін!

Ізгі ниетпен,  Әсет Исекешев

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.