Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

11.08.2017, 19:21 Жаңалықтар / Көлік және автожол
Астанада тамыздың 14 мен 20 аралығында Солтүстік айналым жолы жабылады

Астанада автокөлік жолдарын орташа жөндеу шеңберінде Алаш тас жолынан бастап Өндіріс тас жолына дейінгі учаскедегі Солтүстік айналым жолы бойынша жөндеу жұмыстарын бастау жоспарланып отыр. 

Осыған байланысты, ағымдағы жылдың тамыз айының 14-нен бастап 20-на дейін көрсетілген учаскеде автокөліктердің қозғалысы жабылатын болады.

Қала басшылығы елорда тұрғындары мен қонақтарынан кептеліс тудырмау үшін жол қозғалысы бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.