Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

12.08.2017, 13:34 Жаңалықтар / Коммуналдық шаруашылық
Астанада қалдықтарды өңдеу саласын жаңғырту басталады

Елордалық «Оператор РОП» компаниясымен меморандумға қол қойды. Құжат елордада қалдықтарды өңдеу саласын жаңғырту бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыруға және Оператор РОП пен халықаралық қорлардың қаржылай қолдауы арқылы елде экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған. 

Айта кетейік, мемлекет басшысы елде экологиялық ахуалды жақсарту мәселесіне үнем үлкен мән береді. Осыған байланысты астаналық әкімдік қойылған міндеттердіжүйелі шешуді ұсынады.

Астана әкімдігі қалдықтарды басқару бойынша Бағдарлама әзірлеуде. Онда елордада қоқыстарды өңдеу арқылы «жасыл» энергия өндіру бойынша инновациялық технологияны енгізіп қалдықтарды басқару жүйесін жаңғырту қарастырылған. Астана қаласында қоқыстарды басқару жүйесі жинау, жеткізу, қайта өңдеу және қалдықтарды полигонда көмуден құралады, - деді қала басшысы Әсет Исекешев.

Бүгінгі таңда қала аумағы 24 участкеге бөлінген, ол жерлерде 1 842 жәшіктер алаңы жайластырылған және 10 477 жәшік қойылған. Тұрмыстық қатты қалдықтарды шығаруда 70 бірлік арнайы техника жұмылдырылған. Күн сайын қала аумағынан 1000 тонна қоқыс шығарылады.

Бағдарламаны 2 кезеңмен жүзеге асыру жоспарлануда: 
1-кезең жұмыс істеп тұрған қоқыс өңдеу кешенін қосымша технологияны енгізу арқылы 2017 жылы ТҚҚ қайта өңдеу  жоспарлануда. 

2-кезең 2019 жылға дейін органикалық қалдықтарды анаэробты ашыту жолымен және қоқыс газын өңдеу арқылы қалдықтарды қайта өңдеу тереңдігін 75%-ға дейін жеткізу. Қалған 25% қалдық полигонда (күл, құм, жоюға жатпайтын фракция) көміледі. 

Қоқысты қайта өңдеу саласына жеке инвестиция тарту мақсатында бағдарлама аясында ҚР Заңнамасына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар әзірленуде. Ол Астана қаласында қоқыстарды жинау, жеткізу, қайта өңдеу және көму бойынша бірыңғай оператор құруға бағытталған. 

Астана қаласы аумағынан қалдықтарды шығару бойынша өткізілген тендер жеңімпазы «Клеан Сити» ЖШС компаниясы өз қаражаттары есебінен 30 жаңа қоқыс шығаратын көлік және 1 000 қалдықтарды жинау жәшігі алынды. Қосымша осы жылдың соңына дейін 3 000 жәшік сатып алынады.

Қалдықтарды пайда болатын орында бөлек жинау жүйесін енгізу бойынша жұмыс белсенді жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі таңда қала аумағында пластик жинауға 650 контейнер, құрамында сынап бар шамдарға және электронды қалдықтар жинауға 700 жәшік, 350 контейнер күл салуға орнатылған. 

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.