Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

12.08.2017, 13:47 Жаңалықтар / Сауда және қызмет көрсету
Астанада Қызылорда облысының жәрмеңкесі өтуде

12-13 тамыз күндері "Қазақстан" спорт кешенінің көлік тұрағы аумағында қызылордалықтар Астана тұрғындары мен қала қонақтарына ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін ұсынады.

Шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пен Астана қаласының әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев қатысып, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесімен танысты.

- ЭКСПО-2017 көрмесі кезінле біз 4 жәрмеңке өткізудеміз. Бұл үшінші жәрмеңке. Бірінші екі күнде біз 400 тоннадан астам ауылшаруашылық өнімін сатып үлгердік. Бүгін 270 тонна азық-түлік өнімінің 40 түрін әкелдік, -деді Қызылорда облыстық ауылшаруашылық басқармасының басшысы Бақыт Жаханов.

Жәрмеңкеде Сыр елінің мақтанышы, негізгі дақыл - күріш, Қызылорданың бүкіл Қазақстанға әйгілі қауын-қарбызы, Арал теңізінің дәмді балығы және басқа да өнімдер сатылуда. Нақтырақ айтқанда, күріш – 60 тонна, жылқы еті – 3 тонна, тауық еті – 1 тонна, сүт өнімдері – 4 тонна, қымыз – 0,5 тонна, шұбат – 0,5 тонна, ара балы - 0,2 тонна, балық - 15 тонна, конфет – 2 тонна, көкөніс, қияр, қызанақ – 20 тонна, құлпынай, алма, алмұрт, өрік – 1 тонна, картоп – 35 тонна, сәбіз – 8 тонна, қырыққабат - 10 тонна, сөк, талқан – 0,5 тонна, ас тұзы – 5 тонна, қауын – 40 тонна, қарбыз – 50 тонна т.б. өнімдер бар. 

Сонымен қатар, жәрмеңкеде сырбойылық өнерпаздардың қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылады. 

Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында 10-14 тамыз күндері Қызылорда облысының мәдени күндері өтуде. Елорданың орталық паркінде «Сыр самалы» атты концерт, «Қазанат» ипподромындағы этноауылда эстрада әншілері, дәстүрлі орындаушылар, сондай-ақ «Томирис» би ансамблі өнер көрсетеді. 

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.