Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

12.08.2017, 18:45 Жаңалықтар / Спорт
Астанада «Тур EXPO» вело жарысы қалай өтті

Астанада сенбі, 12-ші тамызда «Astana EXPO 2017 International Criterium» тас жолдағы кәсіби веложарыс өтті. Шара ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі шеңберінде ұйымдастырылды. Жарыстың ең жарқын фото суреттері – Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы тілшілерінің материалында.  

Жарысқа қатысушылар үшін ауа райы да қолайлы болды. Бұл күндері елордада вело жарыс үшін өте жайлы температура орнап тұрды. Бәйтерек монументінің алдындағы алаңда жанкүйерлер, қала тұрғындары және жай ғана туристер жиналды.  

Барлық жеке жарыстарды көрермендер қол шапалақпен қарсы алып отырды. Вело жарысқа қатысушылардың арасында әлемдік деңгейдегі жұлдыздар болды. 15 кәсіби велокомандалар мен құрамында Гранд-турлардың жеңімпаздары мен сыйлық иелері, велоспорт бойынша Олимпиада ойындарының медаль иегерлері бар 5 ұлттық құрамалар ең мықты атағына бақ таластырды. 


Жарыстың хэдлайнерлері «Тур де Франстың» қазіргі чемпионы Крис, Микель Ланда, Наиро Кинтана, сондай-ақ «Astana ProTeam» көшбасшысы Фабио Ару болды.

Маршрут «Бәйтерек» монументінің маңайындағы Түркістан, Достық, Ақмешіт және Қонаев көшелерінің бойымен1,6 шақырымға созылған 30-35 айналымнан құралды. 

Жарысттың комментаторы белгілі ресейлік журналист, «Eurosport» телеарнасы редакциясының дауысы Сергей Курдюков болды. Ол жарфсқа қатфсушылар үшін жақсы жағдай жасалғанын атап өтті – спортшылардың шеберлігін барынша көрсетуге мүмкіндік беретін тегіс ілгір асфальт туралы сөз қозғады.  

Британиялық вело жарыскер Эдвард Клэнси "EXPO Турдың" жеңімпазы атанды. Изияның ең үздік жарысушысы атағын «Астана» командасының мүшесі Бахтияр Қожатаев иеленді. 

Мәтін: Күнсұлу Жамбырбаева

Фото: Әділхан Ілиясов 

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.